Menu HELPDESK

«ТМД үздік студенті» атты талантты жастар кітап жинағына қабылдау басталды!

02.jpg
ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Нұр-Сұлтан)
«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық
нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын
қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» жобасы аясында «ТМД
үздік студенті» атты талантты жастар кітап жинағының ІІ-ші шығарылымына
құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Құжаттар:
- Ғылым саласында
- Өнер саласында
- Спорт саласында
- Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (ұйымдар төрағалары мен
белсенділері)
жетістікке жеткен жастар қабылданады.
Кітап жинаққа халықаралық, республикалық және аймақтық
олимпиадалардың, конференциялардың, жобалардың, орындаушылық
байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары
мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың,
халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.
Жоба қатысушыларына «ТМД үздік студенті» халықаралық үздік
жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «Үздік студент» төс
белгісі және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі.
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New
Roman) артық емес автобиографиясы, растайтын құжат көшірмелері (мыс.:
Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс, 3\4 форматтағы сапалы
суретін 2020 жылдың 25-ші наурызға дейін student.kz2019@mail.ru электронды
мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде
қабылданады. (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай
қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төс белгі, грамота
жіберілетін болады).
Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2020 жылдың сәуір
айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында
конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы 5-ші сәуірге
дейін іріктеліп алынған жас ғалымдарға жіберіледі. Қорытынды конференция
барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан марапаттар табыс етіледі.

 Ескерту!!!
Ұйымдастыру жарна ақысы қойылған. Жарна туралы ақпарат Сіздер
жинаққа өз құжаттарыңызды жібергеннен соң 3 (үш) күн ішінде қаралып,
жинаққа қабылдау туралы шешім шыққан жағдайда, Сіздердің электронды
мекен-жайларыңызға қосымша ақпарат ретінде жіберіледі.
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар
арқылы ала аласыздар:

 Телефон:
+7 (701) 475 16 38,
+7 (775) 43 699 42
e-mail: student.kz2019@mail.ru
Өтініш кестесі

Қатысушының аты-жөні:
Білім беру мекемесінің атауы:
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы:
3-4 фото суреті.
Телефон номері, және эл.почтасы:
Жетекшісінің толық аты-жөні
Ата-анасының толық аты-жөні

0004.jpg
Альбомдарға оралу