Menu HELPDESK

Жатақханадағы 1 курс студенттерімен онлайн жиналыс өтті.

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарыңда ZOOM платформасы арқылы Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.о. М.Ешмұхановтың ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған онлайн жиналыс өтті.
Аталмыш жиналыста проректор 1 курс студенттеріне жатақхана ережелері мен тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттер жатақханасының ішкі тәртіп ережелері мынадай құжаттар негізінде әзірленген:
• Қазақстан Республикасында заңнамалық статусы бар құқықтық-нормативтік актілерге негізделген нормативтік құжаттары, ұлттық, ведомстволық және салалық стандарттар, жоғары тұрған органдардың талаптары;
• Басқару жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO (International Organization for Standardization) Халықаралық стандарттарына сәйкес басқару сапасының менеджменті және консерваторияда енгізілген басқа да жүйелер;
• Жалпы консерватория қызметін айқындайтын ішкі нормативтік құжаттар.
Бұл ережелер жатақхана тұрғындарының әрбірі орындауға міндетті консерваторияның арнайы нормативтік актісі болып саналады.
Жиналыс барысында консерваториямыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.о. М.Ешмұханов студенттерге жатақхананың жұмыс істеу тәртібі, өзін-өзі басқару органдары, студенттер жатақханасынан шығару себептері мен реті және пандемия кезіндегі тәртіп туралы сөз қозғады. Ал жатақхана тұрғындары да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.





Альбомдарға оралу