Menu HELPDESK

Дирижерлеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ  МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«ДИРИЖЕРЛЕУ» КАФЕДРАСЫ

«Хорда дирижерлеу» номинациясы бойынша

 

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ

 ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА

 

ЕРЕЖЕСІ

   

Өткізілу күні:

6-8 сәуір 2023 жыл

Өтетін орны

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлеу» кафедрасы

 

Ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы («Дирижерлеу» кафедрасы).

Мақсаты:

ҚР-ның орта оқу орындары арасында өткізілетін Студенттік Олимпиада болашақ мамандардың кәсібилілік қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеушілік қызметтерін ынталандыру, дарынды да талапты студенттерді таңдау мен қолдау, отандық мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтау, Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық мектептері арасындағы болашақтағы ынтымақтасықты орнату мақсаттарында ұйымдастырылады.

Қатысушылар:

• ҚР музыкалық колледждері: 3-4 курс;

• ҚР арнайы музыкалық мектеп-интернаттары:

11-12 сыныптар.

 

 

Қатысу шарттары:

 

·        Олимпиада дәстүрлі түрде өткізіледі (офлайн).

·        Сахналық мәдениет үлгісі сақталуы тиіс.

·        Бірінші кезеңнен өткен студенттер Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстарға сәйкес конкурсқа қатысуға жіберіледі.

·        Республикалық кіші олимпиаданың өткен жылдардағы І орын лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.

·        Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·        Басқа қалалардан келген қатысушылардың тұрғылықты жер мен тамақтану бойынша шығындары қатысушыларды іссапарға жіберуші есебінен өтеледі.

Өткізу тәртібі:

1-ші кезең (орта оқу орындары ішінде іріктеу) – оқу орындары базасында өткізіледі.

2-ші кезең – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының базасында өткізіледі:

 

1 кезең – 1 хор шығармасын (a’cappella) ойнау

2 кезең – 1 хор шығармасын дирижерлеу (a’cappella немесе сүйемелдеумен)

 

!!! Біз сізге оқу жоспарына сәйкес келетін бағдарламаны өзіңіз таңдауды ұсынамыз (a’cappella және сүйемелдеумен)

Бағалау критерийлері

- авторлық мәтінді дәл орындау;

- аспапты техникалық меңгеру деңгейі;

- дирижерлік аппаратты техникалық меңгеру деңгейі;

- музыкалық, бейнелі мазмұнын берудің динамикалық жарықтығы және орындаудың интонациялық мәнерлілігі;

- әртістік бағалау.

Марапаттау

1. "Хорда дирижерлеу" білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық кіші олимпиаданың қорытындысын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бекіткен комиссия төрағасы мен мүшелері құрамындағы конкурстық қазылар алқасы шығарады.

2. Кіші олимпиада жеңімпаздары үздік көрсеткіштер бойынша анықталады.

3. Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

4. Студенттік конкурстың жеңімпаздары, сондай-ақ олардың оқытушылары Құрманғазы атындағы ҚҰК грамоталарымен және дипломдарымен төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:

 

Қатысушылар үшін:

•          За лучшее исполнение произведения казахских композиторов a’cappella

•          За лучшее исполнение произведения казахских композиторов ccопровождением

•          За новизну интерпретации

•          За лучшую техническую оснащенность дирижерского аппарата

•          За лучшее звуковедение

•          За артистизм

•          За лучшее исполнение партитуры на рояле

•          За бережное отношение к авторскому тексту

•          Атаулы грамоталар (профессор Б. Жаманбаевтан)

 

 

Концертмейстер үшін:

•          За концертмейстерское мастерство

•          За лучшее исполнение аккомпанемента

•          За лучшее исполнение a’cappella

•          За лучшую техническую оснащенность

•          За выразительность

•          За ансамбль с дирижером

•          За творческую совместимость

 

Оқытушылар үшін:

•          За лучшую педагогическую работу

•          За новизну интерпретации

•          За лучшую техническую оснащенность дирижерского аппарата

•          Дифференциация хора и оркестра в исполнении произведении с сопровождением

•          За регулярное участие

•          За стабильность результатов участия в олимпиадах

 

5. Қазылар алқасы барлық жүлделі орындар мен дипломдарды беруге құқылы емес.

6. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

Өтінім беру:

 

Республикалық кіші олимпиаданың ережелері талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды жіберуі тиіс (e-mail арқылы сканерленген құжаттарды жіберу қажет; құжаттардың түпнұсқаларын өзімен бірге алып келуі тиіс):

·        Орындалатын бағдарламаны дәл көрсете отырып толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында);

·        оқу орнынан анықтама;

·        орындалатын бағдарламаның ноталарын электрондық нұсқада PDF форматында ұсыну.

·        Өтінімдер, шығарма сілтемелері 2023 жыддың 25 наурызына дейін samatova_samal@mail.ru почтасына қабылданады.

·        2023 жылдың 25 наурыз күнінен кешіктірілген өтінімдерді алдын ала жібермеген қатысушылар тізімі қарастырылмайды.

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс мәліметтері:

Тел.: +7 (707) 257 95 92 Самал Саматқызы

e-mail: samatova_samal@mail.ru

 


Өтінім