Домбыра
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ
«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ
«ДОМБЫРА» КАФЕДРАСЫ
«Домбыра», «Үш ішекті аспаптар», «Фольклорлық аспаптар» номинациялары бойынша
МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ
ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін уақыты |
24-25 сәуір 2023 жыл |
Өтетін орны |
Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Домбыра» кафедрасы. |
Ұйымдастырушы |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Домбыра» кафедрасы. |
Олимпиаданың мақсаты |
Олимпиаданың мақсаты орта оқу орындарындағы оқушы, студенттердің кәсіби деңгейін шыңдау, бағдарламада берілген шығармалар мен күйлерді домбыра, үш ішекті аспаптар және фольклорлық аспаптарында нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату. Рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерін насихаттау. Қазақ өнерінің ұлы күйші-композиторларының есімдерін ұлықтау. Атап айтқанда: Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығы, Қожеке Назарұлының 200 жылдығы, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығы, Төлеген Момбековтың 105 жылдығы, Бақыт Басықараевтың 95 жылдығы, Құбыш Мұхитовтың 95 жылдығы, Мүлкаман Қалауовтың 85 жылдығы. |
Қатысушылар |
«Халық аспаптар» мамандығы бойынша оқитын мамандырылған музыка мектептерінің 12 сынып оқушылары мен музыкалық колледждердің 4 курс студенттері. |
Қатысу шарттары |
1. Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан; 2. Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады; 3. Алдыңғы жылдардағы Республикалық кіші олимпиаданың 1 орын лауреаттары қатыса алмайды; 4. Әр оқу орындарынан 2 қатысушыдан ғана қатыса алады; 5. Тыңдау жариялы түрде өтеді.
|
Кіші олимпиаданы өткізу тәртібі
|
«Домбыра» номинациясы бойынша бағдарлама
Домбыра
1. Сыдық Мұхамеджанов «Концерт» (міндетті түрде). 2. Құрманғазы «Серпер» (міндетті түрде). 3. Қожеке «Қамбар хан» (міндетті түрде). 4. Мүлкаман Қалауов «Қоспан ата», Бақыт Басықара «Толқында», Төлеген Момбеков «Мешін» (қатысушының қалауы бойынша бір күй).
«Үш ішекті аспаптар» номинациясы бойынша бағдарлама
Домбыра-прима
1. Ресей федерациясының Халық әртісі, профессор А.А.Цыганковтың 1-виртуозды шығармасы (75-жылдығына орай). 2. М.Төлебаев «Поэма» (fis moll) (110- жылдығына орай). 3. Күрделі формадағы 1- шығарма (концерт I немесе II -III бөлімдері, соната 2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес).
Шертер
2. Құрманғазының 1-күйі (Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына орай). 3. Күрделі формадағы 1 шығарма (концерт I немесе II -III бөлімдері, соната 2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес).
Домбыра-бас 2. М.Төлебаев «Поэма» (fis moll) (Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай). 3. Күрделі формадағы 1 шығарма (концерт I немесе II -III бөлімдері, соната 2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес).
«Фольклорлық аспаптар» номинациясы бойынша
Жетіген 1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен 1-шығарма (шетел немесе қазақстан композиторынан) (қалауы бойынша) 2. Халық және заманауи композиторларының 1-күйі (қалауы бойынша). 3. Құрманғазы Сағырбаевтың 200, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай аталған композиторлардың шығармашылығынан 1- күй, ән немесе шығарма. (орындаушының қалауы бойынша халық аспаптарының сүйемелдеуіне рұхсат).
Сыбызғы 1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен 1- шығарма (шетел немесе қазақстан композиторынан) (қалауы бойынша) 2.1-күй (халық және заманауи композиторлардың 1 күйі) (қалауы бойынша). 3. Құрманғазы Сағырбаевтың 200, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай аталған композиторлардың шығармашылығынан 1- күй, ән немесе шығарма. (орындаушының қалауы бойынша халық аспаптарының сүйемелдеуіне рұхсат).
Сазсырнай 1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен 1- шығарма (шетел немесе қазақстан композиторынан) (қалауы бойынша) 2.1-күй (халық және заманауи композиторлардың 1 күйі) (қалауы бойынша). 3. Құрманғазы Сағырбаевтың 200, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай аталған композиторлардың шығармашылығынан 1- күй, ән немесе шығарма. (орындаушының қалауы бойынша халық аспаптарының сүйемелдеуіне рұхсат).
2023 жылғы 10 сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық кіші олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын gmail арқылы, жіберу қажет): - Өтінім (Қосымша 1). - Жеке куәліктің көшірмесі.
|
Бағалау критерилері |
- номинация бойынша бағдарлама шарттарына сәйкестігі; - музыкалық-орындаушылық құралдар мен тәсілдер кешенін жетік меңгеру (дыбыс шығару, фразировка, виртуозды-техникалық шеберлік және т.б.); - ойын аппаратының еркіндігін көрсету; - бағдарламаның тұрақты орындалу деңгейін көрсету. |
Марапаттау |
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. • I орын – 1 диплом • II орын – 2 диплом • III орын – 3 диплом • Арнайы жүлде – 3 диплом Қазылар алқасы барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
|
Өтінімдерді жіберу |
Республикалық Кіші олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу құжаттары 2023 жылдың 10 сәуіріне дейін мына электрондық почта арқылы қабылданады:
Үйлестірушілер: «Домбыра» аспабы бойынша – Саденов Таңат +7 7756663377, maralabitbekova@gmail.com
«Үш ішекті аспаптар» бойынша – Какежанов Ернар +7 7079665672 ernarkakezhanov@gmail.com
«Фольклорлық аспаптар» бойынша- Айтуарова Нұрай +7 7026735201, aituarovanurai@gmail.com
|