Menu HELPDESK

Композиция

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«МУЗЫКАТАНУ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИЯ» КАФЕДРАСЫ

«Композиция» номинациясы бойынша

 

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕР МЕН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ 

ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілу күні:

 6-7 сәуір 2023 жыл

 

Өтетін орны

ҚР МСМ МК Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасы

 

Ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы РММ «Музыкатану және композиция» кафедрасы.

 

Мақсаты:

болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау.

 

Қатысушылар:

- ҚР музыкалық және шығармашылық ЖОО студенттері

 

 

Қатысу шарттары:

 

1.Қатысушының жеке қатысуы міндетті;

2.Олимпиадаға қатысу авторлық бүркеншік ат болған жағдайда ғана мүмкін болады;

3.Бұрынғы конкурстардың, олимпиадалардың және халықаралық байқаулардың лауреат атанған шығармалар Олимпиадаға қатыса алмайды;

4.Тірі жазбаны міндетті түрде ұсыну (аудио, видео).

Кіші Олимпиаданың (1тур - Авторлық шығарма) өту алгоритмы мен тәртібі:

 

Композиция бойынша XV кіші олимпиада 2 турдан тұрады: "Авторлық шығарма " және " Импровизация ".

1 тур - авторлық шығарма.

Шығарманың барлық түрлері, формалары, жанрлары 5 минуттан аспау керек.

Кіші Олимпиадаға қатысу үшін, қатысушылар хатының тақырыбында міндетті түрде " Кіші Олимпиада деп көрсете отырып:

- толтырылған өтінімдер (электронды түрде);

- аудио (mp3, waw) немесе бейне (MP4), тірі орындау жазбасындағы жұмыстар;

- нота мәтінін бүркеншік атпен (электрондық PDF форматы)

competitionknc@gmail.com поштасына жіберу керек.

 

Кіші Олимпиаданың (2тур - Импровизация) өту алгоритмы мен тәртібі:

 

2 тур - Берілген тақырып бойынша импровизация жасау. Қатысушыларға импровизацияға арналған тақырып 2 сағат бұрын беріледі. Импровизацияның орындалу уақыты 2-ден 4 минутқа дейін.                        Импровизация шынайы орындалуы керек.

Үміткер келесі талаптарды сақтауы тиіс:

1. Тақырыпты ашудың өзіндік және стандартты емес тәсілі;

2. Музыкалық аспапты шебер меңгеру құпталады, бірақ бірінші тармақты сақтамаған жағдайда басымдық болмайды;

3. Бір уақытта немесе дәйекті түрде бірнеше аспаптарда орындаушылық рұқсат етіледі;

4. Орындаушылықтың кеңейтілген әдістерін қолдану (стандартты емес дыбыс шығару және т. б.) ынталандырылады;

5. Дауыстық әдістерді, сөйлеуді немесе ән айтуды қолдануға рұқсат етіледі;

6. Эксперимент ретінде "перформанс" мүмкін: тақырыпты ашу мен көруде сахналық немесе актерлік техниканы қолдана отырып импровизация істеуге болады. Музыкалық аспапта ойнаумен (немесе еліктеумен) үйлесуге жол беріледі. Ерекше, фантастикалық, стандартты емес ойлау және әзіл маңызды болып келеді. Ансамбльде (топта) жеке өнер көрсетуге болады. Идея авторы үміткер болады.

 

бағалау критерийлері:

 

1 тур «Авторлық шығарма»:

- 2023 номинацияға қойылатын талаптарды сақтау;

- Қызықты композиторлық шешім, композиторлық шеберліктің негізгі дағдыларын меңгеру (қалыптау (формообразование), гармониялық және полифониялық жазу, фактура, аспаптардың ерекшеліктерін білу және т.б.).

- композиция саласындағы заманауи әдістер мен тәсілдермен шығармашылық ойды жеткізе білу.

 

2 тур «Импровизация»:                                                               

- 2 турдың шарттарын сақтау;

- Қатысушыға берілген тақырыпты ашудағы импровизацияның сенімділігі;

- Ойлаудың стандарттылығы, іске асырудың өзіндік ерекшелігі;

 

Марапаттау

 

2 турдың (1 тур «Авторлық шығарма», 2 тур «Импровизация») қорытындысы бойынша -   1 орын (1 диплом), 2 орын (2 диплом), 3 орын (3 диплом) беріледі.

Қазылар алқасы барлық сыйлықтарды беруге, сондай-ақ қосымша номинацияларды енгізуге құқылы.

 

 

 

Өтініш беру:

 

Қатысу үшін өтінімдер мен материалдар жоба басталғанға дейін 2 апта бұрын астындағы пошта мекенжайына

"КІШІ ОЛИМПИАДА хатының тақырыбын көрсете отырып, competitionknc@gmail.com жіберілуі керек:

Байланыстар:

+7 701 829 92 67 – Ходжабеков Ильяс Сабидуллаұлы,

+7 777 017 10 19 – Горячева Татьяна Викторовна жоба үйлестірушілері

 


Өтінім