Menu HELPDESK

Дирижерлеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНСТРИЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ

«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ

 

«ДИРИЖЕРЛЕУ» КАФЕДРАСЫ

«Хорда дирижерлеу» номинациясы бойынша

 

ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Өткізілу күні:

 6-8 сәуір 2023 жыл

Өтетін орны

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлеу» кафедрасы

 

Ұйымдастырушылар:

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы («Дирижерлеу» кафедрасы).

Мақсаты:

ҚР-ның жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін Студенттік Олимпиада болашақ мамандардың кәсібилілік қабілеттерін дамыту, студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеушілік қызметтерін ынталандыру, дарынды да талапты студенттерді таңдау мен қолдау, отандық мәдениет пен өнер дәстүрлерін сақтау, Қазақстан Республикасының музыкалық-педагогикалық оқу орындары арасындағы болашақтағы ынтымақтасықты орнату мақсаттарында ұйымдастырылады.

Қатысушылар:

ЖОО хор факультеттерінің студенттері

 

 

Қатысу шарттары:

 

·        Олимпиада дәстүрлі түрде өткізіледі (офлайн).

·        Сахналық мәдениет үлгісі сақталуы тиіс.

·        Бірінші кезеңнен өткен ЖОО хор факультеттерінің студенттері Республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстарға сәйкес конкурсқа қатысуға жіберіледі.

·        Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың өткен жылдардағы І орын лауреаттары олимпиадаға қатыса алмайды.

·        Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·        Басқа қалалардан келген қатысушылардың тұрғылықты жер мен тамақтану бойынша шығындары қатысушыларды іссапарға жіберуші ЖОО есебінен өтеледі.

 

Өткізу тәртібі:

1-ші кезең (ЖОО ішінде іріктеу кезеңі) – ЖОО базасында өткізіледі.

 

2-ші кезең (ҚР ЖОО аралығында) – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының базасында өткізіледі.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІН (ЖОО АРАЛЫҒЫНДА) ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

1.     Қатысушы 10 минут ішінде өзінің таңдауы бойынша алынған шығармасын хормен жұмыс істеу арқылы көрсету керек;

2.     Хормен дирижерлеу. Консерваторияның аралас студенттер хорымен міндетті бағдарламаның келесі жұмыстарының біреуін орындау:

1. М.Сағатов «Жайлауда»

2. А.Лотти «Crucifixus”

3. Ғ.Жұбанова «Жалғыз емен»

4. Вик.Калинников «Нам звёзды кроткие сияли»

5. А.Зацепин «Гүл Алматы», өңд. Ғ.Берекешев

6. Е. Подгайц «Серенада»

7. В. Мишкинис «Cantate domino”

8. И.Стравинский «Pater Noster”

9. Р.Леденев «Край любимый»

 

Олимпиаданың ұйымдастырушылары ұжымды 2 кезеңнің музыкалық материалымен қамтамасыз етуге жауапты.

 

Тестілеу: Орындаушылық өнер мен хор мәдениетінің тарихына арналған тестілеу (30 сұрақ).

Бағалау критерийлері

- авторлық мәтінді дәл орындау;

- аспапты техникалық меңгеру деңгейі;

- дирижерлік аппаратты техникалық меңгеру деңгейі;

- музыкалық, бейнелі мазмұнын берудің динамикалық жарықтығы және орындаудың интонациялық мәнерлілігі;

- жұмыс стилін түсіну;

- әртістік бағалау.

Марапаттау

1. "Хорда дирижерлеу" білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қорытындысын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бекіткен комиссия төрағасы мен мүшелері құрамындағы конкурстық қазылар алқасы шығарады.

2. Үлкен олимпиада жеңімпаздары үздік көрсеткіштер бойынша анықталады.

3. Олимпиада жеңімпаздарына 1, 2, 3-орын беріледі:

I орын – бір лауреат дипломы.

II орын - екі лауреат дипломы.

III орын - үш лауреат дипломы.

4. Студенттік байқаудың жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және консерватория грамоталарымен марапатталады.

5. Қазылар алқасы: барлық жүлделі орындар мен дипломдарды беруге құқылы емес.

6. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

Өтінім беру:

 

Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың ережелері талаптарына сәйкес қатысушы келесі құжаттарды жіберуі тиіс (e-mail арқылы сканерленген құжаттарды жіберу қажет; құжаттардың түпнұсқаларын өзімен бірге алып келуі тиіс):

- Орындалатын бағдарламаны дәл көрсете отырып толтырылған өтінім парағы (міндетті түрде Microsoft Word форматында);

- оқу орнынан анықтама;

- 3 * 4 фотосурет (электрондық нұсқа);

- Өтінімдер samatova_samal@mail.ru почтасына 20 наурызға дейін қабылданады.

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс мәліметтері:

Тел.: +7 (707) 257 95 92 Самал Саматқызы

сайт: http://www.conservatoire.kz

e-mail: samatova_samal@mail.ru


Өтінім