Домбыра
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ МӘДЕНИЕТ КОМИТЕТІНІҢ
«ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ» РММ
«ДОМБЫРА» КАФЕДРАСЫ
«Домбыра», «Үш шекті аспаптар», «Фольклорлық аспаптар» номинациялары бойынша
XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
ЕРЕЖЕСІ
Өтетін уақыты |
10 сәуір 2023 жыл |
Өтетін орны |
Алматы қ., Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Домбыра» кафедрасы. |
Ұйымдастырушы |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті, «Домбыра» кафедрасы. |
Олимпиаданың мақсаты |
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби деңгейін шыңдау барысында, бағдарламада берілген шығармаларды нақышына келтіре отырып орындау, насихаттау және шеберлігін байқату. XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығы, Қожеке Назарұлының 200 жылдығы, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығы, Төлеген Момбеков 105 жылдығы, Бақыт Басықараның 95 жылдығы, Құбыш Мұхитовтың 95 жылдығы, Мүлкаман Қалауов 85 жылдығына арналады. |
Қатысушылар |
|
Қатысу шарттары |
Қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан; Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып (жеребе олимпиада басталатын күні 09-00 анықталады), байқау соңына дейін сақталады; Алдыңғы жылдардағы Республикалық олимпиаданың 1 орын лауреаттары қатыса алмайды; ЖОО орындарынан қатысушылар санына шектеу қойылмайды; Тыңдау жариялы түрде өтеді. |
Студенттік олимпиаданы өткізу тәртібі |
«ДОМБЫРА» номинациясы
1. Н. Паганини «Соната №12» (міндетті түрде) 2. Құрманғазы «Байжұма» (Р. Ғабдиевтің орындауындағы нұсқасы) (міндетті түрде) 3. Қожеке «Сары барпы бұлбұл», «Мұңлық зарлық», «Күй шақыртқы» (қатысушының қалауы бойынша бір күй) 4. Қазанғап «Күй шақырғыш Ақжелең» (Б. Басықараевтың орындаундағы нұсқасы), Қ. Ахмедияров «Ұстазға», М. Қалауов «Желіс», Т. Момбеков «Жамбылға арнау» (қатысушының қалауы бойынша бір күй)
«ҮШ ІШЕКТІ АСПАПТАР» номинациясы
«ДОМБЫРА ПРИМА» 1.Ресейдің халық артисі, консерваторияның құрметті профессоры А.А.Цыганковтың шеберлікті көрсететін 1 шығармасы (75 жылдығына орай). 2. М.Төлебаев «Поэма» (fis moll) (Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай). 3. Күрделі формадағы 1 шығарма (концерт I немесе II -III бөлімдері, соната (2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес).
«ШЕРТЕР» 1. Шеберлікті көрсететін шетел композиторларының 1 шығармасы (орыс немесе батыс Европа композиторларының шығармалары). 2. Құрманғазының 1 күйі (Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына орай) (жеке орындауда). 3. Күрделі формадағы 1 шығарма (концерт I немесе II -III бөлімдері, соната (2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес)
«ДОМБЫРА БАС» 1. Шеберлікті көрсететін шетел композиторларының 1 шығармасы (орыс немесе батыс Европа композиторларының шығармалары). 2. М.Төлебаев «Поэма» (fis moll) (Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай). 3. Күрделі формадағы 1 шығарма (концерт I немесе II -III бөлімдері, соната (2 бөлімнен кем емес, сюита 3 бөлімнен кем емес)
«ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР» номинациясы
«САЗСЫРНАЙ» 1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен күрделі формадағы 1 шығарма. (шетел немесе қазақстан композиторынан) (қалауы бойынша) 2. 1 күй (халық және заманауи композиторлардың 1 күйі) (қалауы бойынша). 3. Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына байланысты аталған композиторлардың шығармашылығынан күй, ән немесе шығарма (орындаушының қалауы бойынша халық аспаптарының сүйемелдеуіне рұхсат).
«ЖЕТІГЕН» 1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен күрделі формадағы 1 шығарма. (шетел немесе қазақстан композиторынан) (қалауы бойынша) 2. 1 күй (халық және заманауи композиторлардың 1 күйі) (қалауы бойынша). 3. Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына байланысты аталған композиторлардың шығармашылығынан күй, ән немесе шығарма (орындаушының қалауы бойынша халық аспаптарының сүйемелдеуіне рұхсат).
«СЫБЫЗҒЫ» 1. Күйсандықтың сүйемелдеуімен күрделі формадағы 1 шығарма. (шетел немесе қазақстан композиторынан) (қалауы бойынша) 2. 1 күй (халық және заманауи композиторлардың 1 күйі) (қалауы бойынша). 3. Құрманғазы Сағырбаевтың 200 жылдығына, Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына байланысты аталған композиторлардың шығармашылығынан күй, ән немесе шығарма (орындаушының қалауы бойынша халық аспаптарының сүйемелдеуіне рұхсат).
2023 жылдың 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e- mail арқылы, жіберу қажет): - Өтінім (Қосымша 1). - ЖОО орындары ішілік іріктеу кезеңінен өткен студенттік олимпиада қатысушылары туралы хаттамадан үзінді. - Жеке куәліктің көшірмесі. - Фото сурет 3х4 (электрондық нұсқасы). |
Бағалау критерилері |
- номинация бойынша бағдарлама шарттарына сәйкестігі; - музыкалық-орындаушылық құралдар мен тәсілдер кешенін жетік меңгеру (дыбыс шығару, фразировка, виртуозды-техникалық шеберлік және т.б.); - дәл биіктікте дыбыс шығара алу және темпо-ритмдік дәлдік пен тұрақтылыққа ие болу; - ойын аппаратының еркіндігін көрсету; - бағдарламаның тұрақты орындалу деңгейін көрсету. |
Марапаттау |
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар Республикалық олимпиаданың лауреаттары атағына ие болады және бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. • I орын – 1 диплом • II орын – 2 диплом • III орын – 3 диплом Қазылар алқасы барлық сыйлықтар мен дипломдарды бермеуге, ең үздік орындағаны үшін дипломдармен марапаттауға құқылы. Қазылар алқасының шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. |
Өтінімдерді жіберу |
Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу құжаттары 2023 жылдың 25 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
Үйлестірушілер: «Домбыра» номинациясы бойынша – Кенигесов Асылбек, +7 7771334784, asil-ken@mail.ru «Үш ішекті аспаптар», «Фольклорлық аспаптар» номинациясы бойынша – Джумабаев Әсет, +7 7017405281, aset.dzhumabaev@bk.ru
|
Өтінім
Нота