Menu HELPDESK

ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ҚОРДЫ САҚТАУ БӨЛІМІ

Оқырмандарға қызмет көрсету, әдебиеттерді жинақтау және қорды сақтау бөлімінің жетекшісі - Жошиева Мирагул Жолдығалиқызы



Жошиева.jpg



      БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ: 

     Е-mail: M.zhoshiyeva@conservatoire.edu.kz








1. БІЛІМІ:

1985-1990 жж. - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мамандығы: кітапханатану және библиография.


2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

2017 ж. - қызмет көрсету және кітапхана қорын сақтау бөлім жетекшісі, Құрманғазы атындағы ҚҰК;

2003-2017 жж.  -  оқырмандарға қызмет көрсету, әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімдерінің жетекші кітапханашысы, Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК), Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) кампусы кітапханасы;

1991-1999 жж. - аға кітапханашы анықтама-библиография бөлімі,  Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ);

1984-1991 жж. - кітапханашы, кітап қорын сақтау бөлімі, А.С.Пушкин атындағы ҚазССР мемлекеттік кітапханасы.


2. БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ:

13 қазан 2018 ж. «Коррупцияға қарсы басқару жүйесі» бағдарламасы  бойынша ISO 37001: 2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес мамандарды даярлау курсы. (сертификат - 72 сағат);

08 сәуір 2018 ж. «Білім беру саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар, оқу үрдісінде электронды басылымдарды пайдалану» бағдарламасы бойынша білім беру саласындағы электрондық кітапхана жүйесінің IRPbooks мүмкіндіктерін пайдалану бойынша семинар практикалық жұмыс. (сертификат);
26-27 сәуір 2018 ж. – «Сандық глобализация контекстіндегі университет кітапханаларын дамыту үрдісі» халықаралық ғылыми-практикалық семинары, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана (сертификат - 48 сағат).   

Қызмет көрсету және кітапхана қорын сақтау бөлімінде –оқырмандарды кітапханаға тіркейді, барлық курс студенттері мен магистранттарға және профессорлар мен мұғалімдерге, консерватория қызметкерлеріне қызмет көрсетіледі. Қорда ноталар, оқу және ғылыми әдебиеттер сақталған. 

_____________________________________________________________________

Негізгі  қызмет түрлері:         

- оқырмандарға оқу, ғылыми әдебиеттер және мерзімді басылымдар кітапханалық және библиографиялық ақпараттық қызметтер көрсету;
- пайдаланушыларға ақпаратты іздеудің қазіргі заманғы әдістерін, оны оқу үрдісінде және ғылыми жұмыстарда қолдануға, кітапхананың ақпараттық-библиографиялық аппаратында және ақпараттық ресурстарында пайдалануға  кеңес береді.
- оқырман алдындағы берешектің алдын-алу және жою жөніндегі құжаттар мен іс-әрекеттердің қайтарылу мерзімін бақылау;
- оқу залдарының және қызмет көрсету бөлімін қалыптастыру:  әдебиеттерді жинақтау  каталогтандыру бөлімінен құжаттарды қабылдайды, оларды сөрелерге (жәшіктерге) жіктеу индекстеріне сәйкес орналастырады;
- қордың сақталуын қамтамасыз ету,  санитарлық-гигиеналық өңдеу, жөндеуден өтпеген басылымдарды жөндеу және қалпына келтіру;
- консерваторияның әкімшілігімен келісілген  қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, басылымдар мен кұжаттарды қордан шығару тәртібіне байланысты  кітапхана қорынан шығару;
- профильді емес және басы артық басылымдарды  белгіленген тәртіпке байланысты қайта бөлу;
- тақырыптық кітап көрмелерін және әртүрлі формадағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- жаңадан түскен және қордан шыққан құжаттарды жеке және жиынтық есепке алу;
- каталогтандыру (жаңа түскен әдебиетердің библиографиялық жазбаларын ұйымдастыру электронды каталогты, жүргізу, толтыру);
- кітапхананың анықтамалық-іздеу құралдарын редакциялау;
- оқу үрдісінде кітаппен қамтамасыз ету картотекасын жүргізу және   редакциялау;
- пәндер бойынша кітаппен қамтамасыз ету мониторинг жүргізу;
- кiтап баспаларының нарығын зерттеу, кітаптарға тапсырысты дайындау;
- кафедралармен өзара қарым-қатынас, оқытушыларға кітаппен қамтамасыз ету картотекасы бойынша кеңес беру;
- тақырыптық (жіктеу, кітапханаға түсетін құжаттарды жүйелеу);
- құжаттарды техникалық өңдеу және әдебиетерді кітапхананың бөлімшелеріне бөлу.


Ереже 

Құжаттар