Menu HELPDESK

ҚҰЖАТТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ

Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі - Қарсыбыева Эльмира Тәуірбекқызы





                                       БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ:
                                       
                                       Тел.: +7 (727) 272 72 19
                                     



Білімі: 

1.     Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттык консерваториясы

2002-2006 ж. Мамандығы Қобыз- прима

2.     Д. А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университет

2011-2013 ж. Мамандығы Құқықтану


Жұмыс тәжірибесі:

1.     2006-2013 ж. Кадр бөлімінің аға менеджері

2.     2017-2022 г. Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің аға менеджері

3.     2022 г. Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.


Құжаттармен қамтамасыз ету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

1. Консерваторияның құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттар нысандарын әзірлеуді, консерватория құжаттарының үлгілерін жасау;

2. Стандарттар мен нормативтік-әдістемелік құжаттарға сәйкес іс жүргізуді ұйымдастыру;

3. Құрылымдық бөлімшелердегі құжаттармен жұмысты ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару;

4. Консерватория басшылығының қарарларына сәйкес құжаттардың уақтылы орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

5. Консерватория істерінің жиынтық номенклатурасын жасау, құрылымдық бөлімшелерде істердің дұрыс қалыптасуы мен рәсімделуін бақылау;

6. Іс қағаздарын жүргізу бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды (құжаттармен жұмыс жөніндегі нұсқаулықтарды, қызметтік құжаттардың бланкілерін, құжаттардың әзірленген нысандарын)әзірлеу;

7. Құжаттарды тіркеу және есепке алу, құжаттар бойынша анықтамалық-ақпараттық жұмыс жүргізу;

8. Келіп түскен, жөнелтілетін және ішкі құжаттаманы қабылдау, тіркеу, есепке алу, сақтау және тарату;

9. Құжаттар бойынша ақпаратты жедел іздеу және беру;

10. Баяндама үшін және консерватория басшылығына қол қоюға ұсынылатын құжаттардың рәсімделуін қарау және тексеру;

11.  Сақтау мерзімі өткен құжаттарды жоюға бөлу;

 


ҚҰЖАТТАР