Menu HELPDESK

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӨЛІМ

Халықаралық бөлім басшысы - Уразымбетов Дамир Дүйсенұлы


БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:

Тел: +7-727-338-44-83 (ішкі 126)       

email: intdepkons@gmail.cominterdep@conservatoire.edu.kz


Халықаралық бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

- Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша шетелдік университеттермен, қорлармен, қауымдастықтармен және басқа да ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асыру;

- Білім беру бағдарламаларын аккредиттеу рәсімінің мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен, агенттіктермен хат алмасуды жүргізу;

- Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге шығатын Консерватория студенттері мен оқытушыларын іссапарға жіберу есебін жүргізу;

- Консерватория басшылығымен келісім бойынша ынтымақтастық туралы келісімдердің, ниет хаттамаларының, шетелдік оқу орындарымен, ұйымдармен және компаниялармен шарттардың жобаларын дайындау;

- Ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдерді, ниеттер туралы хаттамаларды, кіріс және шығыс хат-хабарларды есепке алу, олардың іске асырылуын бақылау;

- Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушылар мен ПОҚ тиісті құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдеуге консультациялық көмек көрсету;

- Академиялық ұтқырлық шеңберінде қысқа мерзімді оқытуға жіберу үшін Консерватория ішінде білім алушылардың конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;

- Консерваторияның оқытушыларын, қызметкерлерін, докторанттарын, магистранттары мен студенттерін шетелдік іссапарға жіберуге ықпал ететін халықаралық, қазақстандық қорлар туралы деректер базасын құру және оның жұмысын сүйемелдеу;

- Консерваторияның білім алушылары мен ПОҚ халықаралық деңгейдегі бағдарламаларға қатысу үшін өтінімдерді, нысандарды, өзге де құжаттарды жасау мәселелері бойынша кеңес беру (қажет болған жағдайда);

- Басқа жоғары оқу орындарының (оның ішінде шетелдік), кәсіпорындар мен ұйымдардың халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыс тәжірибесін зерделеу және Консерваторияның сыртқы байланыстарын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау.


Құрылым ережесі                                                                                          

Құжаттар