ОҚУДЫ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ
Оқуды жоспарлау бөлімінің басшысы - Оқас Индира Оқасқызы
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:
Тел.: +7 (727) 272 63 84
E-mail: okas.i@mail.ru
1. БІЛІМІ: 2001-2005 жж. – Қазақ қыздар педагогикалық институты. Мамандық: Информатик, информатика пәнінің оқытушысы.
2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ (ЖЫЛЫ, МЕКЕМЕ, ЛАУАЗЫМЫ):
10.2005-01.2017 жж. – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті – Офис тіркеуші. Лауазымы: Аға менеджер.
01.2017-10.2017 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – Офис тіркеуші. Лауазымы: Статист.
10.2017 ж. бастап осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы – Оқуды жоспарлау бөлімі. Лауазымы: Аға менеджер.
10.09.2020 ж. – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы. Оқуды жоспарлау бөлімінің жетекшісі.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ОЖБ лауазымдық міндеттері:
1. Кафедралардың оқу жоспарларын, оқу жұмыс жоспарларын (ОЖЖ) әзірлеу жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
2. ПОҚ педагогикалық жүктемесін есептеу үшін академиялық күнтізбені, оқу үрдісінің кестесін және уақыт нормаларын әзірлеуге қатысады;
3. Офис-тіркеушісімен бірлесіп ПОҚ педагогикалық жүктемесін есептеу және сабақ кестесін жасау үшін академиялық топтарды құрады;
4. МЖМБС талаптарын, мамандықтардың үлгілік оқу жоспарларын (ТОЖ) ескере отырып, оқу жұмыс жоспарларына сараптама жүргізеді;
5. АЖЖ "Платонус" бағдарламасының базасында мамандықтардың ОЖЖ бойынша ақпараттардың қалыптастырылуын және жаңартылуын бақылайды және жауапты болады;
6. ОЖЖ кафедраларының педагогикалық жүктемесінің есебінің сәйкестігін тексеруге қатысады;
7. Кафедралардың ПОҚ педагогикалық жүктемесінің бөлу нормативтеріне сәйкестігін тексеруге қатысады;
8. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес кафедра ПОҚ педагогикалық жүктемесінің орындалуын тексеруге қатысады;
9. Мамандықтардың, білім беру бағдарламаларының, курстардың және тіл бөлімдерінің бекітілген оқу жұмыс жоспарларына сәйкес сабақтар кестесін, емтихандарды, СОӨЖ кестесін қалыптастыруға бақылау жасайды және жауапты болады;
10. Жеке сабақтарды жинау және жалпы кестеге енгізу үрдісін бақылайды;
11. Факультет деканаттарына бекітілген сабақтар, емтихандар кестесін ұсынуды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;
12. Жазғы семестр кестесін қалыптастыру процесін бақылайды;
13. Оқу сабақтарын өткізудің белгіленген тәртібін, оқу үрдісі кестесінің, оқу сабақтары мен емтихандар кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
14. Аудиториялық қорды оңтайлы пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
15. Декандар мен кафедра меңгерушілеріне ОПҚ-ның оқу үрдісі тәртібінің бұзылуы (кешігу, оқу сабақтарының, емтихандардың бұзылуы және олардың рұқсат етілмеген ауыстырылуы) туралы ақпаратты жеткізеді;
16. Кафедраларға оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес береді және көмек көрсетеді;
17. Кафедраларға жаңа мамандықтарға лицензия алу үшін құжаттар пакетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
18. Ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыру шеңберінде серіктес ЖОО-мен жұмыс оқу жоспарларын (ОЖЖ) синхрондау және шарттарды дайындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;
19. Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттердің құжаттарын (транскрипт, жеке оқу жоспары) дайындауға жұмысты ұйымдастырады және жауапты болады;
20. Ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бойынша офис регистратормен бірлесіп бұйрық жобаларын дайындайды;
21. Кафедралар мен халықаралық бөлімге сыртқы академиялық ұтқырлық мәселелері бойынша ECTS жүйесі бойынша трансфер және кредиттерді қайта есептеу бөлігінде кеңес береді;
22. Кредиттік технологияға сәйкес оқу процесінің регламенті бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді;
23. Анықтама сипатындағы жиынтық материалдарды, Жоғары тұрған ұйымдардың сұратуы бойынша статистикалық деректерді дайындайды;
24. ЖОО рейтингтеріне консерваторияның дайындығына және қатысуына ОҮЖжҰҚ оқу-әдістемелік бөліміне жәрдемдеседі;
25. Бакалавр, магистрлік және докторлық бағдарламалар мамандықтары бөлінісінде элективті пәндер каталогын қалыптастыру бойынша жұмысқа қатысады;
26. Тіркеу кеңсесіне бітірушілердің құжаттарындағы ақпараттың дұрыстығын тексеруге көмек көрсетеді (бітіргені туралы диплом, транскрипт, дипломға қосымша);
27. Білім беру үрдісін жоспарлаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
28. Қызмет жұмысы мәселелері бойынша ОҮЖжҰҚ жетекшісінің тапсырмаларын орындайды.