Сапа менеджменті, ішкі аудит және стратегиялық жоспарлау жобалық кеңсесі
Сапа менеджменті, ішкі аудит және стратегиялық жоспарлау жобалық кеңсесінің басшысы —
Сарымсақова Алмагүл Сессияқызы
Электрондық пошта: qmd_knk@bk.ru
008 кабинет (Б корпусы)
Жобалық кеңсенің негізгі міндеттері:
· Консерваторияда сапаны басқару жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстарды үйлестіру, СМЖ тұтастығын қолдау;
· Консерваторияның сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001: 2015 халықаралық стандартына сәйкестігін сырттай бағалау рәсімдерін ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
· Сапа менеджменті мәселелері бойынша Консерватория қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру;
· Білім беру сапасына, білім беру қызметтерін көрсетуге ішкі аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу;
· Білім беру сапасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асыру үшін ЖОО әкімшілігін білім беру сапасын мониторингілеу және бақылау нәтижелері туралы хабардар ету;
· Консерваторияны дамытудың стратегиялық жоспарының индикативтік көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;
· Кеңсе құрылымдық бөлімшелер әзірлеген барлық ішкі нормативтік құжаттарға нормативтік бақылау жүргізу.
· Консерваторияның құрылымдық бөлімшелерінің жоспарлы және жоспардан тыс тексерулеріне/сауалнамаларына қатысу;
· Оқу жылына құрылымдық бөлімшелердің, факультеттердің, кафедралардың консерваторияның даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау және консерваторияның іс-шаралар жоспарларын уақытылы жинау;
· Консерватория басшылығына сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі және оны жетілдіру жөніндегі шаралар туралы есептер беру.
ҚҰЖАТТАР
ЕРЕЖЕЛЕР