Menu HELPDESK

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЛАБОРАТОРИЯСЫ

Зертхананың жетекшісі - Бәбіжан Бағлан Жолдасқызы 

DSC_0025.JPG





   БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:

   Тел.: +7 (727) 272 95 90

   Е-mail: baglan_2004@mail.ru





1. БІЛІМІ: 

1. 1990-1994 жж. (Қазақстан) Темиртау музыкалық училищесі (домбры класы);

2. 1995-1999 жж. (Қазақстан)  Курмангазы ат.ҚҰК (бакалавр, Халық әні кафедрасы);

3. 2001-2004 жж. (Қазақстан) М.Әуэзов ат.Әдебиет және өнер институты (Аспирантура);

4. 2013-2015 жж. (Қазақстан) КазГосЖенПУ (Магистратура);

5. 2017-2020 жж. (Қазақстан) Курмангазы ат.ҚҰК (Докторантура).


2. ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

1990-1991 жж. – Қараганды облысы, Тельман аудандық музыка мектебінде домбыра класы бойынша оқытушы;
1990-94 жж. – Теміртау музыка училищесінің студенті;
1994-95 жж. –Караганды облысы Теміртау қаласы № 15 қазақ орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі;
1995-99 жж. – Құрмангазы ат. Қазақ Ұлттық консерваториясының студенті;
1999- 2001 жж.– Алматы қаласы, Әуезов ауданы оқушылар үйінде домбыра кружогыгың жетекшісі;
2001-2004 жж. – М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспиранты;
2003-2006 жж. – ТРК «Казахстан» Казақ радиосының музыкалық хабарлар редакторы;
2006-2016 жж. – П.Чайковский ат. Алматы музыка колледжінің оқытушысы;
2013-2015 жж. –КазМемҚызПУ магистранты;
2016-2020 жж.– Т.Жургенов ат. ҚҰ Өнер Академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы;
2017-2020 жж. – Құрмангазы ат. ҚҰК Докторанты;
2020 жылдан Құрмангазы ат. ҚҰК «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы.

______________________________________________________________________________


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми- зерттеу фольклорлық зертханасы


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасы – қазақ және басқада халықтардың дәстүрлі музыкасын жинау, сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша Қазақстандағы ірі орталықтардың бірі;

60 жылдан астам тарихында (1958 жылдан қазіргі уақытқа дейін) – ғылыми зертханада дыбыс жазбаларының бірегей мұрағаты құрылған болатын және оны Қазақстанның білікті ғалым-фольклортанушылар, этномузыкатанушылардың жетекшілігімен (Б.Ерзакович, А.Темирбекова, Х.Жүзбасов, Б.Қарақұлов, С.Елеманова және басқада өнер майталмандары) дәстүрлі музыка саласында ауқымды зерттеулер жүргізілген;

Қазіргі уақытта Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының жетекшілік қызметін PhD докторы Бәбіжан Бағлан Жолдасқызы жүзеге асыруда;

Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының қоры 1958 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде Консерватория жүргізген далалық (экспедициялық) зерттеулердің нәтижесінде қалыптасты;

Өндірістік тәжірибе пәнінің аясында музыкалық дәстүрді жан-жақты зерттеуді мақсат еткен «Музыкатану» мамандығының студенттері, зертхана қызметкерлерінің басшылығымен фольклорлық экспедициялар жұмысына қатысады, және қазіргі таңда бұл тәжірбие жалғасын табуда. Экспедиция барысында аспаптық музыка, әндер, эпикалық шығармалар дыбыс және бейне жазбалары жүзеге асырылады.


ҒЗФЗ Ережесі


ҒЗФЗ қызыметінің басты бағыттары:


· консерваторияның дыбыстық жазбалар қорын қазақ және басқа да халықтардың дәстүрлі, қазіргі заман музыка үлгілерімен толықтыру және сақтау;

· далалық экспедиция кезінде жинаған және стационарлық жағдайда жазылған музыка үлгілері жайлы мәліметтерді жазу, оны есепке алу;
· өңдеу, цифрландыру, жүйелеу, каталогтау және дыбыс жазбаларын нотаға түсіру;

· дәстүрлі және қазіргі заманғы музыка саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

· студенттерге фольклорлық құжаттармен жұмыс жасауды және ғылыми зерттеудің негіздерін үйрету;

Зертхана қызметінің ғылыми бағдарламасында, экспедициялық жұмыстарды қосқанда, материялдарды жариялау, оны дайындау, сонымен қатар теориялық зерттеулерді жүзеге асыру, түрлі семинарлар, конференциялар, концерттер өткізу қарастырылады.

Зертхананың жұмыс жоспарына мультимедиялық жоба кіреді. Бұл жоба аймақ пен орындаушылар жайлы анықтамалық ақпаратты қамтитын музыкалық мұрағаттан тұрады. Жоба Құрманғазы атындағы ҚҰК-ң ҒЗФЗ-ң фольклорлық жазбаларын цифрландыру және қалпына келтіруге байланысты еліміздің дыбыстық жазба мұрасын сақтап қалу және фономұрағатқа тыңдаушының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды.

Ғылыми-зерттеу фольклорлық зертхананың жоспарында – білім беру мекемелер, оқу орындармен қарым-қатынасты дамыту және оны қолдау аясында музыкалық мәдениет дәстүрлерін, оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, экспедицияларды, фестивальдарды, мәдени іс-шаралар өткізуді насихаттау саласында бағдарламалар мен іс-шараларды дайындауға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету қарастырылған.

Фольклорлық зертхана – Қазақ халқының бай ұлттық музыкалық фольклорының дамуына, ән, аспаптық мұралардың зерттелуіне ықпал етуі тиіс.


Құжаттар