Menu HELPDESK

Ақмолдаев Саян Досмухамбетұлы

Байланыс деректері:


e-mail: Akmoldas@mail.ru

Академиялық лауазымы: оқытушы

Ғылыми дәрежесі:

 

Жоғары білімі туралы дипломында көрсетілген мамандығының атауы мен нөмірі (шифры): «6643 – қыл-қобыз»

 

Білімі / біліктілігі (жыл, ел, оқу орны):

1991 - 1999ж.ж. Қазақстан Республикасы- Құрманғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясы, халық аспаптары факультеті; концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр артисі

 

Жұмыс тәжірибесі:

- 2022ж.- Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Қобыз-баян» кафедрасында оқытушы

- 2010-2011ж.ж. – «Каспионет» арнасындағы «Күй-құдірет» хабарының редакторы әрі жүргізушісі

- 2006ж. – ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің жоғары санатты мұрағатшысы

- 2004-2006ж.ж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қазақтың 100 күйі» хабарының редакторы, жүргізушісі

- 2000-2004ж.ж.- Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясында музыкалық редактор

- 2000ж. - Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ оқытушысы

- 1997-2000ж.ж. Республикалық «Ұлан» президент оркестрінде концертмейстер, жеке орындаушы

 

Атақ, марапат, сыйлық атауы (ұлттық, халықаралық):

- 2024 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері / Қазақстан

- 2022 – Қоғамға қосқан айрықша еңбегі үшін «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері-2022» төсбелгісі / ҚР Ғылым және жоғары білім минис Қазақстан Республикасы «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы / Қазақстан

– 2022 – «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының шешімімен, ел тәуелсіздігіне қосқан ерен еңбегі үшін «Бауыржан Момышұлы» Намыс төсбелгісі / «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығы / Қазақстан

- 2020 – Қазақстан республикасы президентінің жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі / Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ / Қазақстан

- 2019 – Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі / Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ / Қазақстан

- 2018 – «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 20 жылдығына орай Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының «Қазақстан республикасының архив саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, архив ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» құрмет грамотасы / ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві РММ / Қазақстан

- 2013 – «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңының 15 жылдығына орай Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрі Мұқтар Құл-Мұхаммедтің «мұрағат ісі саласындағы жемісті еңбегі үшін» құрмет грамотасы / ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві РММ / Қазақстан

 

Лауреаттар:

 

Ғылыми еңбектері, басылымдар, мақалалар: (2019-2024)

 

- Басылымдар (шетелдік және жергілікті):

Басылым атауы // Баспаның аты, орны, жылы

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ «Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы / «Қобыз күйлерінің интонациялық ерекшеліктері» / Алматы, қазан айы, 2022ж.

- «Қазақстан ұстазы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №10 (99) / «Қобыз құдіреті» / Алматы, қазан айы, 2021ж.

- «Ізденіс» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №09 (106) / «Күйші Дәулетбек» / Алматы, қыркүйек, 2021ж.

- «Өнер әлемі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №09 (106) / «Көне таспа-көне күй» / Алматы, қыркүйек, 2021ж.

- М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтыконференциясының материалдары / «Ұлы даланың көне сарындары» аспаптық музыка, дәстүрлі күй өнерінің 2 томдығы / Алматы, 2021ж.

- М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтыконференциясының материалдары / Академик А.Қ.Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлт мәдениетіндегі рухани құндылықтар: ғылым мен өнер әлеміндегі Жұбановтар әулеті» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция / Алматы, 20 қазан. 2021ж.

- М.О. Әуезов атындағы. Әдебиет және өнер институты конференциясының материалдары / Мемлекеттік тапсырыс аясында орындалған «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясын жүзеге асыру барысында «Көне күйлерді жүйелеу және іріктеу жұмыстарының өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция / Алматы, 12 наурыз,2020ж.

- Egemen Qazaqstan, Aiqyn газеттері / «Арқадан жеткен аманат» / Алматы, 2018ж

- ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві

конференциясының материалдары / ҚР Ұлттық аудиовизуалды архив қорының өзекті мәселелері / Алматы, 20-21 қыркүйек 2018ж.

-

- Рецензиялаушы журналдардағы басылымдар:

Басылым атауы // Баспаның аты, орны, жылы

 

- Конференцияларға қатысуы:

Конференцияның атауы, ұйымы, елі, күні

- «Ауызекі музыкалық кәсібиліктің дәстүрлері және қазіргі заман» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы / «Қобыз күйлерінің интонациялық ерекшеліктері» / Алматы 2022ж

- М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институты конференциясының материалдары / «Ұлы даланың көне сарындары» аспаптық музыка, дәстүрлі күй өнерінің 2 томдығы / Алматы 2021ж

 

- Зерттеулер, монографиялар, оқу құралдары:

Баспаның аты, орны, жылы

- Құрманғазы ат. ҚҰКбаспаханасы / «Сағынтай сарыны» / Алматы, 2022ж.

- М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты / «Ұлы даланың көне сарындары» аспаптық музыка, дәстүрлі күй өнерінің 2 томдығы антологиясының музыкалық редакторы / Қазақстан 2021ж.

- «Сауап» ЖШС / «AMANAT »қазақ күйлері антологиясының құрастырушы авторы (500 күй) / Қазақстан 2021ж.

- «Хабар» агенттігі / «Күй-құдірет» хабарының редакторы әрі жүргізушісі / Қазақстан 2010ж.

- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті / «Мәдени мұра» ұлттық жобасы «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» қазақ күйлері антологиясының құрастырушысы, мақала авторы / Қазақстан 2010ж.

- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті / «Мәдени мұра» ұлттық жобасы «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» қазақ күйлері антологиясының құрастырушысы, мақала авторы / Қазақстан 2009ж.

- ҚР Сыртқы істер министрлігі / «Қазақстанның музыкалық мұрасы» антологиясының құрастырушы, музыкалық редакторы / Қазақстан 2008ж.

- «El» production / «Мәдени мұра» ұлттық жобасы «Мәңгілік сарын» домбыра күйлері антологиясының құрастырушы авторы / Қазақстан 2008ж.

- «El» Producer Centre Ltd / «Мәдени мұра» ұлттық жобасы «Мәңгілік сарын» қобыз,сыбызғы және фольклорлық аспаптар күйлерінің антологиясының құрастырушысы, мақала, сипаттама авторы / Қазақстан 2007ж.

- «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ / «Мәңгілік сарын» домбыра күйлері антологиясы. (255 күй) құрастырушы, музыкалық редакторы / Қазақстан 2004ж.

- «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ / «Қазақтың 100 күйі» хабарының редакторы, жүргізушісі / Қазақстан 2004ж.

 

Ғылыми ізденісі (зерттеу саласы):

 

Біліктілікті арттыру (тәжірибелер, тренингтер, семинарлар, курстар):

- ҚР Білім және ғылым министрлігі, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ-ның 04.09.2012 жылғы 183 бұйрығына сәйкес жоғары деңгейлі, жоғары санатты қыл-қобыз аспабының ұстазы біліктілігін алды;

- 2016 ж. 24-27ақпан аралығында біліктілігін жоғарылату және кадрларды қайта даярлау факультетінде оқыды.Дәстүрлі музыкалық өнер қобыз мамандығы бойынша «келімді шеберлік класы» бағдарламасының толық курсын тыңдады және 36 сағат көлемінде оқу жұмысының белгіленген жоспарын орындады. Қазақстан Республикасы, Құрманғазы ат. ҚҰК;

- 2016 ж. 12-15сәуір аралығында біліктілігін жоғарылату және кадрларды қайта даярлау факультетінде оқыды.Дәстүрлі музыкалық өнер қобыз мамандығы бойынша «келімді шеберлік класы» бағдарламасының толық курсын тыңдады және 36 сағат көлемінде оқу жұмысының белгіленген жоспарын орындады.Қазақстан Республикасы, Құрманғазы ат. ҚҰК;

- 2017ж. 30 қазан мен 4 қараша аралығында А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы аясында Мәскеулік професссор М.В.Федотованың шеберлік класына қатысты. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ;

- 2018ж.28 қазан мен 2 қараша аралығында А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы аясында Құрманғазы атындағы ҚҰК професссоры А.М.Гайсиннің шеберлік класына қатысты. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ;

- 2018ж.28 қазан мен 2 қараша аралығында А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы аясында Қырғыз елінің професссоры Т.Мураталиевтің шеберлік класына қатысты. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ;

- 2018ж.28 қазан мен 2 қараша аралығында А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар конкурсы аясында белгілі өнерзерттеуші А.Райымбергеновтың шеберлік класына қатысты. А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ;

- 2020ж. 23қараша - 4 желтоқсан, «Қашықтықтан оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру» біліктілікті көтеру жөніндегі семинар-тренингі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» (80 сағат) АҚ, А.Жұбанов атындағы РҚМММИ; №0403223

- 2020ж. 18-24 маусым, Цифрлық сауаттылық негізіндегі «онлайн оқыту мүмкіндіктері мен практикалық қолданысы» атты тақырыпта біліктілікті арттыру курсы. (72 сағат),Қазақстан Республикасы, Құрманғазы ат. ҚҰК;

- 2020ж.30 маусым «Способы организации дистанционного обучения» (120 сағат), жоба жетекшісі А.Э.Зигангирова

- 2021ж. 02-13тамыз, «Жаңартылған білім беру беру мазмұны аясында эстетикалық пәндерді тиімді оқыту» біліктілікті көтеру жөніндегі семинар-тренингі. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық біліктілікті арттыру орталығы» (80 сағат) АҚ, А.Жұбанов атындағы РҚМММИ; №003146

- 2021ж. 11-22 қазан, «Жаңартылған білім беру беру мазмұны жағдайында музыка арқылы өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру» біліктілікті көтеру жөніндегі семинар-тренингі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» (80 сағат) АҚ, А.Жұбанов атындағы РҚМММИ; №0481944

 

Шет тілдерді меңгеруі:

Ағылшын – В1