Menu HELPDESK

Вокалдық өнер кафедрасы



            КАФЕДРА ТАРИХЫ

1944 жылғы 1 қазанда Мәскеу және Ленинград консерваториялары үлгісінде Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы ұйымдастырылып, оның құрамында жеке ән айту кафедрасы ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуден Алматыға көптеген көрнекті өнер қайраткерлері эвакуацияланды.

Кафедраның алғашқы құрамына А.М. Курганов, С.С. Коробов, А.В. Гуцаловская, А.К. Мизонов, С.С. Котляр, Н.Ф. Нагулина, Н.Н. Самышина және басқалар кірді. Олардың Қазақстандағы қызметі жаңа қазақстандық мәдениет феноменінің қалыптасуына зор ықпал етті. Қысқа уақыт ішінде бұл мәдениет Еуропа дәстүрлерін орыс мәдениетінің призмасы арқылы бойына сіңіріп, сонымен қатар ұлттық ерекшелігін сақтап қала алды.

Кафедраның алғашқы түлектерінің қатарында Б.Б. Жілісбаев, Р.У. Жаманова, Е.Б. Серкебаев, Б.А. Төлегенова, Н.А. Шәріпова, Н.Д. Юмашева, К.И. Бобошко бар. Олар кейін біртұтас педагогикалық ұжымды қалыптастырып, шығармашылық, оқытушылық және ғылыми-әдістемелік қызметті жоғары кәсіби деңгейде жүзеге асырды.

80 жылдық жемісті еңбектің нәтижесінде жеке ән айту кафедрасы көптеген опера әншілерін, филармония солистерін, әртүрлі музыкалық ұжымдардың хор әртістерін, сондай-ақ орта және жоғары музыкалық оқу орындарының жеке ән айту пәнінің оқытушыларын тәрбиеледі. Кафедра түлектерінің арасында – 5 КСРО халық артисі, 50-ге жуық Қазақстан Республикасының халық артисі, 500-ден астам түрлі халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары бар.

Қазіргі уақытта кафедрада педагог-кеңесші ретінде КСРО халық артисі, профессор Б.А. Төлегенова жұмыс істейді. 2021 жылдан бастап «Вокалдық өнер» кафедрасының меңгерушісі қызметін доцент Т.К. Бекназарова атқарып келеді. Оның жетекшілігімен мына ұстаздар еңбек етуде: Моңғолия халық артисі, профессор Қабылаш Әбікейұлы, Қазақстан Республикасының халық артистері – Т.П. Күзенбаев, Ж.Т. Баспаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері: У.М. Кенжебеков, М.К. Шалабаев, Б.К. Жұбаева, Б.С. Букенов, Д.М. Хамзина, доценттер Ж.М. Мекенбаева, С.А. Бринюк, Г.А. Нұрғалиева, Т.А. Смайлова, С.А. Нұрғалиева, А.А. Юсупова, аға оқытушылар: Ж. Байнешов, И.У. Садыкова, Ж.К. Аманова, Н.Т. Құлданов, Е.Х. Дүйсебаев, Т.Б. Рахметов, С.Х. Благодарная, оқытушылар: Г.К. Сакишова, Д.Б. Акимбаева, Б.Т. Төлегенова, Ф. Султанов және басқалар.

Кафедраның талантты түлектерінің қатарында – Шахимардан Әбілов, Әлібек Днишев, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Мұрат Шалабаев, Жәмиля Баспаева, Гүлзат Даурбаева, Балапан Жұбаева, Талғат Мұсабаев, Андрей Трегубенко, Талғат Күзембаев, Медет Чотабаев, Қайыржан Жолдыбаев, Дина Хамзина, Жұпар Ғабдуллина, Лада Қысықова, Анастасия Кожухарова, Сара Найман, Жәмиля Жарқымбаева, Мақсат Саматов, Дінмұхамед Қошкінбаев, Нұрғалым Аманбай және т.б. бар.

Көпжылдық қызмет барысында кафедра құнды педагогикалық қағидаларды қалыптастырып, оларды оқытушылардың әдістемелік еңбектерінде көрсетті. Оқу бағдарламасы, барлық дауыс түрлеріне арналған репертуарлық тізімдері бар үлгілік бағдарлама жасалды, әдістемелік ұсынымдар жазылды.

Аға буын педагогтары кафедраның жас оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетуде. Даналықпен бағыт-бағдар беретін ұстаздар студенттердің бойындағы дарын ұшқынын шығармашылық тұлға отына айналдырып, жас жүректерді махаббатымен, мейірімімен жылытса, сонымен қатар қатал әрі талапшыл ұстаз болып қала береді. Ал түлектер болса, алған вокалдық-орындаушылық мәдениет білімдері мен дағдыларымен бірге өз ұстаздарына деген сүйіспеншілік пен адалдықты, құрметті бойларына сіңіріп кетеді.

Кафедраның ондаған жылдар бойғы жемісті еңбегі қазіргі ұлттық вокал мектебінің қалыптасуы мен оның Қазақстандағы және әлемдегі жетістіктерінің берік негізіне айналды.


Оқытушылар құрамы: 

Бекназарова Танагүл Кәйкенқызы – кафедра меңгерушісі, Мәдениет саласының үздігі, доцент

Авхий Хавлаш – Моңғолияның халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор

Кенжебеков Ұлан Мырзақасымұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент

Смайылова Торғын Әбибуллақызы – Мәдениет саласының үздігі, доцент

Мекенбаева Жұмақыз Мекенбаевна – доцент

Нұрғалиева Гүлнара Асылбекқызы – Мәдениет саласының үздігі, доцент

Бринюк Снежана Анатольевна –  Мәдениет саласының үздігі, доцент

Нұрғалиева Сәуле Абралқызы – доцент

Баспақова Жәмилә Төлегенқызы – Қазақстанның халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген артісі, аға оқытушы

Байнешов Жеңіс Борантайұлы – Мәдениет саласының үздігі, аға оқытушы

Күзембаев Талғат Пердебекұлы – Қазақстанның халық әртісі, аға оқытушы

Жұбаева Балапан Кенесқызы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Аманова Жадыра Қонысбекқызы – аға оқытушы

Дүйсебаев Елнұр Хажкенұлы – аға оқытушы

Садықова Инна Омаржанқызы – аға оқытушы

Юсупова Адалят Ахметовна – MBA, доцент

Благодарная Софияна Хакимовна – өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Шалабаев Мұрат Құралұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Артағалиев Ильяс Мұратжанұлы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Бөкенов Болатбек Салтайұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, аға оқытушы

Төлегенова Бибігүл Ахметқызы – ҚССР халық артисі, профессор, кеңесші

Сақышова Гүлнара Қапасқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Рахметов Тахауи Базарбекұлы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Хамзина Дина Мерекеқызы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оқытушы

Нұралиев Халид Абдурахманұлы – Мәдениет саласының үздігі, оқытушы

Исмаилов Қуаныш Атақожаұлы – оқытушы

Бажекенов Нұржан Айқалиұлы – Мәдениет саласының үздігі, оқытушы

Беркенов Балуан Маратұлы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Төлегенова Бибігүл Төлегенқызы – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Трегубенко Андрей Александрович – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, оқытушы

Ерланова Мадина Ерлановна – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы

Нефедова Лариса Константиновна – өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы