Menu

Дәстүрлі музыкалық өнер

28 марта
:
Залы консерватории

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілетін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы X Республикалық студенттік олимпиадасының 

ЕРЕЖЕСІ 

«Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша

 

Өткізілу күні:

28 наурыз 2018 жыл – «Домбыра», «Үш ішекті аспаптар» номинациялары;

29 наурыз 2018 жыл – «Халық әні, жыршылар», «Қыл қобыз» номинациялары;

29 наурыз 2018 жыл – Қобыз прима» номинациясы


Өткізілетін орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті

Олимпиаданы ұйымдастырушы: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы


Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: 2018 жылдың наурыз айының 28-30 аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы біріге отырып музыкалық жоғары оқу орындары арасында Республикалық Студенттік Олимпиадасын өткізуді жоспарлап отыр. Олимпиада «Рухани жаңғыру» Мемлекеттік рухани даму бағдарламасы аясында «Ұлы ұстаздан ұлағат» айдарымен қазақ дәстүрлі өнерінің дара тұлғалары Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына, Ықылас Дүкенұлының 175 жылдығына, Төлеген Момбековтың 100 жылдығына, сонымен қатар А.Жұбанов, Ф.Балғаева, Х.Тастанов, Қ.Мұхитов, Б.Сарыбаев, К.Күмісбеков, М.Қойшыбаев, М.Әубәкіров, Т.Мерғалиев, М.Қалауов, С.Балмағамбетов, Қ.Ахмедияров, Ж.Кәрменов, Ж.Сәрсенғалиев және т.б. белгілі орындаушылар мен ұстаздар ұлағатын өскелен таланттарға жеткізу.

Олимпиаданың міндеттері:

·    Қазақстан Білім және ғылым минстрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын алға іске асыру, сонымен қатар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми зерттеу, ізденіс, техникалық – ақпарат құралдарымен жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау;

·    Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл-өрісін тәрбиелеу;

·    Республика ЖОО студенттері арасында достық қарым-қатынастың орнауына, игілікті бастамаларды қолдауымен қатар, өзара бәсекелестік тудыруға ықпал ету.

Олимпиадаға қатысушылар:

·       Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

·       Қазақ ұлттық өнер университеті

·       Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

·       Республикадағы ЖОО –ның музыка факультеттері

Олимпиада талаптары:

·    қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;

·    бұрын өткен Республикалық Студенттік Олимпиада лауреаттары қатыса алмайды;

·    ЖОО- нан қатысушылар санынан шектеу қойылмайды;

·    Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·    Тыңдау жариялық түрде өтеді.

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР- ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

Олимпиадаға қатысу үшін 2018 жылдың 11 наурызына дейін ұйымдастыру алқасына Республикалық Студенттік Олимпиада Ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек (сканерленген нұсқасын e-mail арқылы, түпнұсқасын өздерімен бірге алып келу қажет ):

– Өтінім (Қосымша 1);

– ЖОО ішілік іріктеу кезеңнен өткен Олимпиада қатысушылары туралы хат (ректор немесе проректордың қолымен);

– Республикалық студенттік Олимпиадаға жолдама (ЖОО-ның Ғылыми кеңес хаттамасынан көшірмесі);

–    Жеке куәлік көшірмесі;

–    Фото сурет 3х4 (электрондық нұсқасы).

Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2018 жылдың 11 наурызына дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

«Домбыра», «Үш ішекті аспаптар номинациялары бойынша

Жұмағалиева Алтынай Мұхамбетқызы

Ұялы тел.: 8 701 055 65 65, e-mail: аltyn_ai1983@mail.ru

«Кобыз-прима», «Қыл қобыз» номинациялары бойынша

Джунусова Балжан

Ұялы тел.: 8 701 887 76 55, e-mail: junusova_b@mail.ru


«Халық әні, жыршылар» номинациясы бойынша

Қарабалина Эльза Жеңісқызы

Ұялы тел.: 8 701 362 30 35, e-mail: elza.8181@mail.ru

    

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ 

«ДОМБЫРА»

 

1.     Қазақстан композиторларының ірі көлемдегі бір шығармасы (соната, концерт, фантазия, рапсодия)

2.     Т.Момбеков «Мешін» (міндетті түрде)

3.     Халық композиторларының төменде көрсетілген күйлерінен бір күй:

а) Махамбет «Қайран Нарын»;

ә) Түркеш «Байжұма»;

б) Еспай «Терісқақпай» (Шамғұл Ыбырайымовтың орындау нұсқасында);

в) Әбди «Зар қосбасар» (орындау нұсқасы өз қалауы бойынша) .

4.     А.Жайымов «Күй Ана» (міндетті түрде)

5.     Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады)  

«ДОМБЫРА ПРИМА» 

1.     Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ-ші бөлімдері, соната екі бөлімнен кем емес, ал сюита үш бөлімнен кем болмау керек, рапсодия, т.с.с)

2.     А.Жайымов «Концерттік пьеса»

3.     А.Цыганковтың шеберлік көрсететін бір шығармасы

4.     Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады)

«ШЕРТЕР» 

1.     Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ-ші бөлімдері, соната екі бөлімнен кем емес, ал сюита үш бөлімнен кем болмау керек, рапсодия, т.с.с)

2.     А.Жайымов «Концерттік пьеса»

3.     Шеберлік көрсететін бір шығарма

4.     Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады) 

«ДОМБЫРА БАС»

   1.   Күрделі түрдегі бір шығарма (концерттің І немесе ІІ, ІІІ-ші бөлімдері, соната екі бөлімнен кем емес, ал сюита үш бөлімнен кем болмау керек, рапсодия, т.с.с)

2.   А.Жайымов «Толғау»

3.   Шеберлік көрсететін бір шығарма

4.   Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады) 

«ҚОБЫЗ ПРИМА» 

1.   К.Күмісбеков «Концерттік пьеса»

2.   Шетел композиторларының шығармасы

3.   Күрделі формадағы шығарма

4.   Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады)

«ҚЫЛ ҚОБЫЗ» 

1.   К.Күмісбеков «Поэма»

2.   Ықылас «Ерден» (Д.Мықтыбаевтың нұсқасы)

3.   Ықылас «Жез киік» (Ж.Қаламбаевтың нұсқасы)

4.   Қалауы бойынша домбыраның бір күйі

5.   Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады)

«ХАЛЫҚ ӘНІ»

  1. Халық әні
  2. Ақан сері Қорамсаұлының бір әні (төмендегі тізімде көрсетілген әндерден өз таңдауы бойынша орындалуы керек)
  3. Дәстүрлі ән үлгісінде жазылған қазргі заман композиторларының бір әні
  4. Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады)

«ЖЫРШЫЛАР»

  1. Өзінің жыршылық мектебінен бір терме
  2. Өзге жыршылық мектептен бір терме-толғау
  3. Дастаннан үзінді (бір оқиғаның желісінде,5 минут)
  4. Тест (қазақ музыкасы тарихы, орындаушылық өнер тарихы, арнайы пәндерді оқыту әдістемесі, мамандық пәніне қатысты 20 сұрақтан құралады) 

Ақан сері Қорамсаұлы әндерінің тізімі:

1.   Ақтоқты

2.   Ақтоқтының аужары

3.   Ақтоқтының зары

4.   Алтыбасар

5.   Әудемжер

6.   Балқадиша

7.   Жамал қыз

8.   Жастық

9.   Жылқылы бай

10.   Көкжендет

11.   Көкалатай

12.   Көк көбелек

13.   Қараторғай

14.   Құлагер

15.   Ләйлім

16.   Мақпал

17.   Маңмаңгер

18.   Майда қоңыр

19.   Нәзік гүл

20.   Райхан гүл

21.   Сырымбет

22.   Торыны таң асырып мінген қандай

23.   Шырмауық

24.   Іңкәр-ай

вернуться к списку концертов