Menu

Үш ішекті аспаптар

 

КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор Ғ.Жұбанованың,  ҚР халық артисі, профессор К.Күмісбековтың 90 жылдығына арналған, мамандандырылған музыкалық мектептер және музыкалық колледждер арасында өтетін Республикалық кіші олимпияда

ЕРЕЖЕСІ 

«Үш ішекті аспаптар» номинациясы

 

Өтетін уақыты: 17 Сәуір 2017 жыл. 

Өткізілу орны: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.

Ұйымдастырушылар: «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ. Халық музыкасы факультеті, домбыра кафедрасы.

Мақсат: Қазақстан Білім және ғылым минстрлігінің музыкалық оқу орындарында білім беру стратегиясына орай консерваторияның миссиясын алға іске асыру, сонымен қатар жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуімен қатар ғылыми зерттеу, ізденіс, техникалық – ақпарат құралдарымен жұмыстарына жағдай жасап, жан-жақты біліктілікке баулу, дарынды жастарды анықтау; Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызға, дәстүріміз бен мәдениетімізге тарту, қоғам дамуы мен ой-сана, ақыл- өріс салаластығына тәрбиелеу.

Қатысу шарттары:

2017 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасына Кіші Олимпиада ережесіне сай төмендегідей құжаттар өткізу керек

- Өтінім (Қосымша 1);

Олимпиада талаптары:

·    қатысушылардың жол ақысы, жатын орны, тамақтану шығыны жіберуші жақтан;

·    бұрын өткен Кіші Олимпиада лауреаттары (1 орын) қатыса алмайды;

·    Оқу орнынан 2 үміткер қатыса алады;

·    Өнер көрсетудің реті жеребемен анықталып, байқау соңына дейін сақталады;

·    Тыңдау жариялық түрде өтеді.

Кіші Олимпиаданың қазылар алқасы құрамы ҚР- ның көрнекті өнер қайраткерлері мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздарынан құралады.

Орындар мен жүлделерді бөлу әрбір қатысушы бойынша дауыс беру түрінде жүргізіледі. Орындар мен сыйлықтарды қорытындылай бөлу соңғы отырыста өткізіледі және қазылар алқасы орындарды тағайындамауға құқылы.

Ұйымдастыру алқасы ауызша және бейне жазба жасауға және оны коммерциялық мақсатта қосымша төлемсіз қолдануға құқылы.

 

«Домбыра-прима» 

1)    Бір күрделі шығарма (Концерт, І б. немесе ІІ, ІІІ б.б., соната, т.б.)

2)    А. Цыганковтың шеберлік көрсететін (виртуозды) бір шығармасы

3)    К. Күмісбеков – «Жастық шақ» вальсі немесе Ғ. Жұбанова – «Юмореска»

  

«Шертер» 

1)    Бір күрделі шығарма (Концерт, І б. немесе ІІ, ІІІ б.б., соната, т.б.)

2)     Ғ. Жұбанова – «Мерекелік күй»

3)    Қалауы бойынша бір күй

 

«Домбыра-бас» 

1)    Бір күрделі шығарма (Концерт, І б. немесе ІІ, ІІІ б.б., соната, т.б.)

2)    Шеберлік көрсететін (виртуозды) бір шығарма

3)    К. Күмісбеков – «Поэма»

Олимпиадаға қатысушылар:

·     Республикадағы орта музыкалық оқу орындарының 3-4 курс студенттері;

·  Арнайы мамандандырылған дарынды балаларға арналған музыка мектептерінің     жоғарғы сынып оқушылары;                                                                                                                                

Өткен жылғы Республикалық кіші олимпиаданың І дәрежелі сыйлық лауреаттарының қатысуға құқығы жоқ.

Кіші Олимпиада бойынша сұрақтар мен қатысу үшін барлық құжаттар 2017 жылдың 1 сәуіріне дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады


Координатор: Пазылов Серік Райымбекұлы +7 707 806 17 18,

e-mail: SekeSeke.saz.kz@mail.ru