Баян, аккордеон
«6В02116 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКА ӨНЕРІ»
Баян, Аккордеон
Білім беру бағдарламасы бойынша
шығармашылық емтихан өткізу
БАҒДАРЛАМАСЫ
І. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Баян, аккордеон:
1. Полифония (2-бөлімді полифониялық цикл (3-дауыстан кем емес фугамен));
2. Күрделі құрылымды шығарма (Сонатаның І немесе ІІ, ІІІ бөлімдері / немесе Сюита / Партитаның түрлі сипаттағы 2 бөлімі);
3. Таңдауы бойынша шығарма.
Қабылдау емтихан хатшысының байланыс телефоны:
Уразгалиева Ритта Маратовна, тел. номері: +7 747 159 35 75,
почта: ritauraitugan@mail.ru
Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.
21-35 Жақсы:
Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.
5-20 Қанағаттанарлық:
Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Тоқтап қалу, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі, дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.
ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
Гармония – билеттер бойынша ауызша (туыстықтың бірінші дәрежелі үндестігінде модуляция ойнау, өтетін хроматикалық дыбыстарды қамтитын диатоникалық немесе хроматикалық жоғары немесе төменгі секвенция; шығарманың бастапқы кезеңіне гармоникалық талдау);
Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тональдылығымен модуляциямен кезең түріндегі 2 дауысты диктант.
Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан
36-50 Өте жақсы:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;
21-35 Жақсы:
Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.
5-20 Қанағаттанарлық:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 Қанағаттанарлықсыз:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.