Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында студенттерге арналған суицидтің алдын алу, толеранттылықты дамыту, сондай-ақ жастар арасында кемсітушілік пен буллингтің алдын алу тақырыптарына арналған тренинг өтті


2024 жылдың 14 қараша күні Қазақ ұлттық консерваториясында студенттерге арналған суицидтің алдын алу, толеранттылықты дамыту, сондай-ақ жастар арасында кемсітушілік пен буллингтің алдын алу тақырыптарында тәжірибелік тренинг өтті. 

Іс-шараны консерваторияның психологы Дария Шабденова және студенттер мен түлектермен жұмыс жасау бөлімімен бірлесіп, әлеуметтік және тәрбиелік жұмыс аясында ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты - студенттерге стресстік жағдайларды жеңу, психологиялық жүктемелерге төзімділікті арттыру және оқу мен әлеуметтік өмірде салауатты, орнықты араласу қарым-қатынасын қалыптастыру үшін тәжірибелік білім мен дағдыларды беру.

Тренингте қатысушылар кіші топтарда белсенді жұмыс атқарып, стрессті басқару стратегияларын, күйзелістің алдын алу әдістерін және қиын сәттерде құрдастарына қолдау көрсетудің тәсілдерін талқылады. Студенттерге эмоциялық сауаттылықты дамытуға ерекше назар аударылып, бұл оларға өз эмоцияларын және басқалардың сезімдерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ орнықты қарым-қатынасын қалыптастыруға көмектеседі.

Рөлдік ойындар мен тәжірибелік тапсырмалар қатысушыларға эмоциялық қолдау көрсету бойынша негізгі стратегияларды тек теориялық тұрғыда емес, нақты жағдайларда қолдануға үйренуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер стрессті минимизациялау және психоэмоционалдық дағдарыстардың алдын алу мақсатында өмірлерін ұйымдастыру бойынша кеңестер алды.

Тренингте толеранттылық, ерекшеліктерге құрметпен қарауға және барлық студенттерге арналған инклюзивті және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Оқу ортасында буллинг пен кемсітушіліктің алдын алу, сондай-ақ студенттер арасында қолдау көрсету әдістері талқыланды.

Іс-шара консерваторияда психологиялық тұрғыдан қолайлы атмосфера құруға, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігі мен эмоциялық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

   



Альбомдарға оралу