Menu HELPDESK

2025 жылдың 6 мамыр күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Біз Jazz стилінде ойнаймыз» атты концерт өтті

2025 жылдың 6 мамыр күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Біз Jazz стилінде ойнаймыз» атты концерт өтті.

Сахнада джаз стандарттары мен авторлық аранжировкалар орындалып, жас орындаушылар стильді сезінуін, импровизация еркіндігі мен нағыз үйлесімділікті көрсете білді. Кеш жылы әрі жайлы атмосферада өтті — көрермендер орындаушыларды ерекше ықыласпен  қарсы алып, зор қошеметке бөледі.

Студенттерді сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және профессор Игорь Шубинге джаз өнеріне үйретуде берген шабыты мен биік  талабы үшін алғыс білдіреміз!

  

 
Альбомдарға оралу