Қазақ ұлттық консерваториясы THE PLANET OF ART-2025 Халықаралық жастар фестивалінің серіктесі болады
Қазақ ұлттық консерваториясы THE PLANET OF ART-2025 Халықаралық жастар фестивалінің серіктесі болады.
Консерваторияда өткен кездесу барысында оқу орнымыз серіктес болып сайланып, #ThePlanetofArt2025 музыкалық цикліне қатысуы туралы шешім қабылданды.
Ауқымды халықаралық жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының ұйымдастыруымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ЮНЕСКО жөнiндегi Қазақстан Республикасының ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, сондай-ақ Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның өңірлік офисінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Фестиваль жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдениет пен өнер арқылы бейбітшілік идеяларын насихаттауға бағытталған. Жоба финалы Қазақстанда, ал жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне арналған Гала-концерт Самарқанд қаласында (Өзбекстан) ЮНЕСКО-ның 43-ші Бас конференциясы аясында өтеді деп жоспарлануда.
Қазақ ұлттық консерваториясы үшін осы жобаға қатысу дарынды орындаушыларды қолдау, халықаралық мәдени диалогты дамыту және ЮНЕСКО ұйымына мүше елдердің жас музыканттарымен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыздар, алда сіздерді қызықты оқиғалар күтеді!