Menu HELPDESK

Студенттрге арналған «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Көшбасшылық» және «Тиімді коммуникация» тақырыптарында тренинг өткізілді


2024 жылғы 13 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында студенттерге арналған «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу», «Көшбасшылық» және «Тиімді коммуникация» тақырыптарында тренинг өтті. 

Іс-шара студенттерге психологиялық қолдау көрсету, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, тиімді коммуникациялық дағдыларды қалыптастыру және студенттік ортада тәрбиелік жұмысты күшейту мақсатында студенттермен және түлектермен жұмыс жасау бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.

Психолог Дария Шабденова жүргізген тренинг студенттерге аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға ықпал ететін өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, жеке жауапкершілікті арттыруға және психоэмоционалдық денсаулықтың маңыздылығын түсінуге бағытталды. Кездесу барысында психологиялық әл-ауқаттың негізгі аспектілері, стресс факторларын анықтау, оларды жеңу әдістері және студенттік ортада уақытылы психологиялық көмек көрсету қажеттілігі туралы мәселелер қарастырылды. Мұндай тренингтер тек психологиялық қолдау көрсетудің құралы ғана емес, сонымен қатар жастарда тұрақты жеке қасиеттер мен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік жұмыс болып табылады.

Тренингте болашақ музыканттар үшін жеке тұлғалық өсу мен кәсіби даярлықтың маңызды бөлігі болып табылатын көшбасшылық қасиеттерді дамытып, тиімді қарым-қатынас дағдыларын арттыру мәселелеріне ерекше бөлігі. Студенттер ұжымда өзара әрекеттесуді жақсарту, өзін-өзі сенімді сезіну және белгісіздік жағдайында шешім қабылдау қабілетін дамыту бойынша тәжірибелік кеңестер алды. Бұл дағдылар студенттердің әлеуметтік жұмыстарын жетілдіруде және жетілген, жауапкершілігі жоғары жеке тұлғаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Тренингтің маңызды бөлігі — студенттердің волонтерлік қызметке араласуының маңыздылығы талқылауға арналды. Волонтерлік қызметтің жеке және кәсіби даму үшін маңыздылығы, сондай-ақ әлеуметтік және ұйымдастырушылық дағдыларды жетілдіруге, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге және жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал ететіндігі атап өтілді. Волонтерлік қызметке қатысу студенттердің әлеуметтік және азаматтық тәрбиесіне оң ықпалын тигізіп, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, бұл болашақ қоғам үшін маңызды.

Бұл психологтық тренинг студенттердің гармониялы тұлға болып қалыптасуына, тиімді коммуникация, көшбасшылық және әлеуметтік белсенділік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Студенттердің әлеуметтік маңызды қызметтерге қатысуы, сондай-ақ олардың жеке және кәсіби дағдыларын дамыту оқу орнындағы тәрбиелік жұмысқа оң әсер етіп, тұрақты әлеуметтік орта құруға және әртүрлі салаларда, соның ішінде өнер саласында кәсіби қызметке даярлықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.




Альбомдарға оралу