СТУДЕНТТІК КЛУБТАР
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы студенттік өмір-бұл білім алушылардың кәсіби қалыптасуына ғана емес, олардың жеке дара тұлға ретінде дамуына ықпал ететін бай және көп қырлы орта болып табылады. Консерватория жоғары сапалы музыкалық біліммен қатар, алуан түрлі бағыттағы студенттердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін ашуға қолайлы жағдай жасайды.
Консерваторияда, студенттік өмірдің маңызды құрамдас бөлігі психологиялық-педагогикалық қолдау жүйесі болып табылады. Осы жүйе шеңберінде студенттерге білікті психологтың қызметі және консерватория мен республикалық отбасылық-дәрігерлік орталық арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес медициналық қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі білімгерлерді оқу үдерісіне бейімдеуді, білімгерлердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруды және қажетті ресурстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
Студентәк ортада консерватория қабырғасында Жастар ісі жөніндегі комитет пен жатақхана істері жөніндегі студенттік кеңес ұсынған студенттік өзін-өзі басқару жүйесі маңызды рөл атқарады. Аталған құрылымдар білім алушылар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім алушылардың бастамашылықты танытуға ықпал етеді және жастар саясатының өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысады. Жастар ісі жөніндегі комитеттің құрамына консерваторияның студенттік клубтары мен қауымдастықтарының төрағалары кіреді. Студенттік өзін-өзі басқару қызметі әртүрлі студенттік клубтарды ұйымдастыру мен дамытуды қоса алғанда, көптеген бағыттарды қамтиды.
Айта айтатын болсақ, «Мейірім» еріктілер клубы әлеуметтік жобаларды іске асыруға және студенттердің қайырымдылық бастамаларына қатысуына ықпал етеді. «Ұлағатты ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы студенттердің бойында жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және адалдық мәдениетін дамытуға бағытталған. «Медиакомьюнити» медиа клубы журналистика, фото және бейнетүсірілім саласындағы құзыреттерді игеруге, сондай - ақ консерваторияның маңызды оқиғаларын жариялауға мүмкіндік береді. «Дебют» театр клубы актерлік шеберлік арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді. «Шамшырақ» әдеби-зияткерлік клубы пікірталас, әдеби шығармашылық және өзін-өзі тәрбиелеу алаңы болып табылады. Сондай-ақ, консерваторияда әртүрлі елдерден келген студенттердің ЖОО-ның академиялық және мәдени ортасына бейімделуіне ықпал ететін «World Connect» шетелдік білім алушылар клубы жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік Ассамблеясы құрылып, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мен жастар ынтымақтастығының кеңейтілген мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Қалалық жастар ұйымдарымен өзара іс-әрекет шеңберінде Алматы қаласының Студенттік Альянсымен меморандумға қол қойылған, сондай-ақ консерватория білім алушыларының мүдделерін білдіретін Омбудсмен тағайындалған.
Академиялық және қоғамдық жұмыстардан басқа, студенттердің физикалық тұрғыда дамуына көп көңіл бөлінеді. Консерваторияда шахмат, тоғыз құмалақ, дартс, футбол, волейбол және басқа да спорт түрлері бойынша спорт секциялары жұмыс атқарады. Жыл сайын республикалық және қалалық турнирлердің жеңімпазы атанып жүрген консерваторияның футбол құрамасы ерекше атап өтуге болады.
Жалпы алғанда, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы студенттік өмірі оқу үдерісімен қатар, болашақта түлектердің табысты кәсіби мансабы үшін берік негіз қалайтын, білім алушылардың жан-жақты дамуына, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға, кәсіби әлеуметтенуге және қоғамдық маңызы бар жобаларға белсенді қатысуға ықпал ететін кешенді жүйе болып табылады.
Студенттік медиа-комьюнити
"Эмоционалды қауіпсіздік" клубы
Студенттік өзін өзі басқару ұйымы
«Sanaly urpaq» клубы
"WORLD CONNECT" шетелдік білім алушылар клубы
Студенттер Альянсы
Студенттік Ассамблея











