Menu HELPDESK

«Академиялық ұтқырлық арқылы музыкалық өнердегі жолың» атты инфо-сессиясы



2024 жылы 20 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында студенттерге арналған академиялық ұтқырлық мүмкіндіктеріне арналған халықаралық бөлімнің ақпараттық сессиясы өтті.

Білім беруді интернационалдандыру бағытындағы кезекті қадамға арналған іс-шарада, музыкалық дағдыларды дамытуға, білім мен мәдени ой-өрісті кеңейтуге бағытталған академиялық ұтқырлықтың өзекті бағдарламалары ұсынылды. Қатысушылар шетелде оқу перспективалары, Консерваторияның халықаралық алмасулары мен серіктестік жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ серіктес жоғары оқу орындарының сайттарымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы білді. Халықаралық бөлімнің қызметкерлері студенттердің кәсіби өсуі мен шығармашылық дамуы үшін осындай бағдарламалардың маңыздылығын атап өтті.

   

Альбомдарға оралу