Menu HELPDESK

«Ата заң - асыл мұраттар бастауы» атты семинар өтті


2024 жылдың 27 тамызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заң - асыл мұраттар бастауы» атты семинар өтті.
Іс-шараны әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. Семинар Конституцияның тарихи рөлі мен оның Қазақстанның дамуына тигізген әсерін талқылауға арналған маңызды алаң болды.

Кіріспе сөзінде ӘГП кафедрасының меңгерушісі Калдаева Б.С. Конституцияның еліміздің ішкі саяси тұрақтылығының, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. 

Семинар барысында ӘГП кафедрасының оқытушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Жәнібек Қаниятов баяндама жасады. Баяндамашы Конституцияның пайда болу тарихы және оның негізгі қағидалары туралы айтты.

Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы қызықты фактілермен танысып, оның тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы маңыздылығын талқылады. Құқықтық мемлекет, демократиялық құндылықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Спикерлер Конституция елдің тұрақты дамуын және оның азаматтарының құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін негізгі құжат екенін атап өтті.

Семинар қатысушыларға Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытудың қазіргі сын-тегеуріндері мен келешегін талқылауға, сондай-ақ викторинаға қатысуға мүмкіндік берді. Қорытынды сөзінде профессор Сатыбалдина Т.М. Конституцияның маңыздылығын тағы да атап өтіп, еліміздің әрбір азаматы Конституцияда белгіленген нормаларды сақтай отырып, мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосуы керек екенін айтты. Бұл іс-шара Конституция туралы білімді тереңдетуге және оның әрбір азаматтың өміріндегі маңыздылығын түсінуге ықпал етті.

    

    

    
   
      
     

Альбомдарға оралу