Menu HELPDESK

«Қайырымдылық-жылы жүректен»


Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасымен биылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде Наурыз мерекесі жаңа форматта өткізілетін болып бекітілген еді. Наурызнаманың алғашқы мерекесі – «Көрісу күні» болып тойланса, бүгін 15 наурыз «Қайырымдылық күні» мерекесі ретінде аталып өтуде. Қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты насихаттауға арналған бұл күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Н.Н. Ашировтың бастамасымен өнер-білім ордасының ұжымы және «Мейірім» еріктілер клубының мүшелері әлеуметтік жағдайы төмен отбасы шаңырағына арнайы барып, көмек көрсетіп, қолдау білдірді.

Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі, адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы. Біз елемейтін, қарапайым дүниелер шынымен басқа біреу үшін үлкен қуаныш болуы мүмкін. Сондықтан бір-бірімізді қуанта білейік!





Альбомдарға оралу