Menu HELPDESK

«ҚАЗАҚ КҮЙІНІҢ ҚАҺАРМАНЫ – НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ» ВИРТУАЛДЫ КІТАП КӨРМЕСІ

Құрметті оқырмандар!

Ғылыми-ақпараттық кітапхана және электрондық ресурстарды басқару бөлімі көрнекті композитор, дирижер, Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Атабекұлы Тілендиевтің (1925–1998) туғанына 100 жыл толуына орай «ҚАЗАҚ КҮЙІНІҢ ҚАҺАРМАНЫ – НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылық мұрасы – қазақ мәдениетінің баға жетпес қазынасы. Оның күйлері, симфониялық поэмалары, халық аспаптар оркестріне арналған шығармалары мен кино музыкасы қазақ музыка өнерінің символына айналды. Атақты «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі ретінде ол ұлттық музыканы жаңа деңгейге көтеріп, дәстүр мен заманауи бағытты үйлестіре білді.

Нұрғиса Тілендиевтің музыкасы тереңдігімен, эмоциялық қуатымен және қазақ даласының айрықша үнін жеткізе білуімен ерекшеленеді. Оның «Аққу», «Махамбет», «Көш керуен», «Ата толғауы» секілді шығармалары ұлттық мұраға айналды. Өнерге бар ғұмырын арнаған композитор қазақ музыка мәдениетінде өшпес із қалдырды.

Ұлы композитордың шығармашылығымен виртуалды кітап көрмесінде танысуға болады. Онда оның өмірі мен шығармашылық жолының ерекше қырларын ашатын кітаптар, жинақтар, магистрлік жұмыстар мен мерзімді басылым материалдары ұсынылған.

Көрме 2025 жылдың 7 сәуірі мен 7 мамыры аралығында қолжетімді:

http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385

Альбомдарға оралу