«Қазақ мәдениетінің тілдері» және «Қазақ мәдениетінің белгілері мен рәміздерінің қысқаша энциклопедиясы» атты кітаптардың тұсаукесері өтті
Жақында консерваторияда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» теориялық кафедрасының ғылыми-әдістемелік кеңесі аясында философия ғылымдарының докторы, профессор Альмира Бекетқызы Наурызбаева тең авторы болып табылатын «Қазақ мәдениетінің тілдері» және «Қазақ мәдениетінің белгілері мен рәміздерінің қысқаша энциклопедиясы» атты екі бірдей кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Авторлық ұжымның еселі еңбегінің арқасында қазақ дәстүрлі қоғамы мен мәдениетінің, әлеуметтік іс-әрекеттерінің терең мағынасы ашылған бұл кітап баспа бетінен қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде шағын ғана тиражбен жарық көрді.
Кітаптың тең авторы Альмира Бекетқызы еліміздегі жетекші мәдениеттанушылардың бірегейі. Оның мәдени философиялық зерттеулері халықаралық ғылыми қоғамдастықта жоғары бағаға ие.