Menu HELPDESK

«Қазақ өнерінің қара шаңырағы» атты көрме-экспозицияның салтанатты ашылуы өтті


27 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мерейтойына арналған «Қазақ өнерінің қара шаңырағы» атты көрме-экспозицияның салтанатты ашылуы өтті.

Экспозицияға екі мыңнан астам сирек материалдар қойылды, олардың қатарында архивтік басылымдар, ноталар жинақтары, қолжазбалар, мультимедиялық материалдар, сондай-ақ Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың Мемориалдық музейінен әкелінген естелік экспонаттар бар. Көрермендер арасында ерекше қызығушылық тудырған жәдігерлердің ішінде Ахмет Жұбановтың жеке заттары, Құддыс Қожамияровтың концерттік костюмы және консерватория кітапханасы ұсынған бірегей мұрағаттар болды.

Көрменің ерекше құндылығы – консерваторияның профессор-оқытушылық құрамының еңбектерінің таныстырылымы. Бұл Қазақстанның музыкалық мәдениетінің дамуына қосылған маңызды үлесті айрықша атап көрсетті.

Осы ауқымды жобаны іске асыруда қолдау көрсетіп, серіктестік орнатқаны үшін Ұлттық кітапханаға шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз бірлесіп, еліміздің мәдени мұрасын сақтап, оны одан әрі байыта береміз.

 

 

 

 

 

 

 

Альбомдарға оралу