«Әлқисса» халықаралық домбырашылар онлайн-байқауына қатысқан орындаушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
2025 жылдың 21-26 наурызы аралығында шетелдегі этникалық қазақтар арасында Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдығына арналған халықаралық байқау өткізілді. Байқауға Түркиядан бастап Қытай, АҚШ және Францияға дейін — әлемнің 82 елінен 100-ден астам адам қатысты.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы домбыра кафедрасының 2 курс студенті Жанатбек Габдулин (жетекшісі — аға оқытушы Асылбек Кенегесов) Бас жүлдені жеңіп алғаны туралы қуана хабарлаймыз.
Марапаттау салтанаты 3 сәуір күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында өтті.
Байқау ұлттық өнерді насихаттау тұрғысынан маңызды оқиға ғана емес, әлемнің әр түкпірінен келген қазақ жастарына өз мәдениетімен байланысын нығайту үшін керемет мүмкіндік болды. Жанатбек пен оның жетекшісін лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
