Menu HELPDESK

«Ұлттық фортепиано мектептер» ғылыми-әдістемелік құралы ҚР Ұлттық кітапханасының қорында


2025 жылғы 23 шілдеде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлері халықаралық жоба нәтижесінде жасалған үш томдық ғылыми-әдістемелік құралды Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартты.

Жобаға үш елдің жетекші музыкалық жоғары оқу орындары қатысты — Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы (Өзбекстан), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Қазақстан), Л. В. Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясы (Ресей). Ғылыми-әдістемелік құрал үш томнан тұрады: І том – Алматы, Қазақстан; ІІ том – Саратов, Ресей; ІІІ том – Ташкент, Өзбекстан. Басылымға Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің қазіргі композиторларының шығармаларына арналған талдамалық мақалалар, ноталық материалдар, сондай-ақ QR-кодтар арқылы қолжетімді шығармалардың орындалу бейнежазбалары енгізілген.

Басылымда үш ел композиторларының фортепианолық шығармалары талданған: Адильжан Төлікпаев, Акмал Сафаров, Виктор Успенский, Владимир Королевский, Владимир Мишле, Гүлжан Өзенбаева, Дилноз Закирова, Дилором Амануллаева, Ләззат Жуманова, Михаил Хейфец, Нәгіма Мендығалиева, Рустам Абдуллаев, Сергей Полозов, Тасқын Жармуқамет және Юрий Масин.

Альбомдарға оралу