Menu HELPDESK

«Өмір-өзен» атты шығармашылық кеші болып өтті

2024 жылдың 9 сәуірінде Е.Рахмадиев атындағы концерт залында ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры, «Халық музыкасы» факультетінің деканы Төлепберген Тоқжановтың «Өмір-өзен» атты шығармашылық кеші болып өтті.

Концерттік кешке ҚР Халық артистері Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Бөкенов, Мәдениет саласының үздіктері Әйгерім Қарсақбаева, Айбол Құдайбергенов, Гүлназ Ноғайбаева, фольклорлық-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблі (көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тілеген), қобызшылар ансамблі (жетекшісі Республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты Әсел Рахымжан), «Хассақ» этно-фольклорлық тобы (жетекшісі PhD докторы Ержан Жаменкеев) қатысып, өнер көрсетті.








Альбомдарға оралу