«Өнердегі тұлға: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді
2022 жылдың желтоқсан айының 5-15 жұлдызы аралығында «Art Forum of Kazakhstan» халықаралық шығармашылық жобалар ұйымы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архиві» РММ бірлесіп ұйымдастырып отырған «Kogan's competition» ІІ Халықаралық аспапта орындаушылық байқауы аясында «Өнердегі тұлға: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтпек.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
«Art Forum of Kazakhstan» халықаралық шығармашылық жобалар ұйымы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік архиві» РММ.
Конференция жұмысы үш секциядан тұрады:
- Ева, Иосиф және Семен Коганның Қазақстанның музыкалық педагогикасы мен орындаушылығына қосқан үлесі;
- Қазіргі кезеңдегі орындаушылық шығармашылықтың мәселелері;
- Орындаушыларды кәсіби-педагогикалық даярлаудың өзекті мәселелері.
Ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптар
Бір автордың жарияланым саны шектелмейді. Ұйымдастырушылар жариялау үшін материалдарды таңдау және өңдеу құқығын өзіне қалдырады. Жеке файлмен алынған суреттер құпталады (jpg).
Қатысудың келесі нұсқалары мүмкін: баяндамамен онлайн (Zoom) және офлайн қатысу, конференция ұйымдастыру комитетінің поштасы арқылы алдын ала жіберілген презентациялар (мақаланың мәтінін электронды нұсқада жіберу қажет). Конференцияға келе алмаған авторлардың баяндамалары стенд ретінде ұсынылады және жинақта жариялау үшін қосылады.
Мақалалар 2022 жылдың 20 қарашасына дейін мына электронды поштаға қабылданады: kogan.conference@bk.ru
Мәтінді рәсімдеуге қойылатын талаптар: Times News Roman шрифті 14, интервалы 1,5, жиектері 2 см. әдебиет көзіне мәтіндегі сілтемелер оларды мәтінде атап өту ретімен шаршы жақшада көрсетіледі. Баяндама мәтінінің әдебиеттер тізімі соңында келтіріледі.
Мәтіндерге автор туралы ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы және жұмыс орны, байланыс деректері қоса беріледі.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Барлық сұрақтар бойынша +7-707-366-65-37 (Сагимбаев Нурлан Ержанович) телефонына, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына хабарласуларыңызды сұраймыз.
ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕКВЕЗИТТЕР
Қазақстан Республикасынан қатысушылар үшін - 3000 теңге
Конференцияға қатысу үшін кіру жарнасын төлеу
арнайы шотқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысу: AO "Kaspi Bank" қатысу жарнасын төлеу туралы түбіртек (көшірме). Түбіртектің көшірмесі конференцияны ұйымдастыру комитетіне материалмен бірге электронды пошта арқылы жіберілуі керек. Әйтпесе, қатысу жойылады!!! Конференцияға қатысудан бас тартқан жағдайда кіру жарнасы қайтарылмайды.
"Art Forum of Kazakhstan" Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Алушы Банк: AO "Kaspi Bank"
БСК CASPKZKA
БСН / ЖСН 560131400966
Шот нөмірі: KZ72722S000007997069
КБе 19
ТТК 869
Төлем мақсаты: Халықаралық конференцияға қатысу және қатысушының аты-жөнін көрсету.