Menu HELPDESK

«Қоғамның рухани жаңаруындағы жастар ғылымы» атты ЖОО-аралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті



24 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін  «Қоғамның рухани жаңаруындағы жастар ғылымы» атты ЖОО-аралық ғылыми-практикалық студенттік конференция осы жылы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылып, өткізілді.

Конференцияға «Халық музыкасы», «Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Аспаптық орындаушылық», «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультеттерінің 1-2 курс студенттері қатысып,  ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде өнер-білімдерін ортаға салды.

Конференцияда негізгі тақырыптық бағыттары бойынша, атап айтсақ,  - «Заманауи мәдениет студент көзқарасымен», «Өнер әлеміндегі адам», «Дін және қоғам», «Қазақстан тарихы», «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан», «Мәдениетаралық коммуникативтік құзыретті қалыптастырудағы заманауи тәсілдер», «Қазіргі заманғы педагогикалық білім берудің өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыптарында  студенттердің жұмыстары таныстырылды.

Қортындысында конференцияға белсенді қатысқандары үшін студенттер арнайы Дипломдармен марапатталды. Аталмыш конференция жұмысы студенттердің ғылыми-зерттеу және танымдық қызметке деген қызығушылығын оятып қана қоймай келешекте  шығармашылық қабілеттерін арттыра түседі деп үміттенеміз.




Альбомдарға оралу