Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы магистратура мен докторантураның барлық білім беру бағдарламалары бойынша ең жоғарғы — 5 жылдық мерзімге аккредитациядан сәтті өтті

Сіздерге қуанышты жаңалығымызды хабарлаймыз: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы магистратура мен докторантураның барлық білім беру  бағдарламалары бойынша ең жоғарғы — 5 жылдық мерзімге аккредитациядан сәтті өтті!

Сәуір айының 28-нен 30 сәуірге дейін консерваторияда Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) аккредитациялық комиссиясы жұмысын жүргізген болатын. Кешенді бағалау барысында білім беру үдерісінің сапасы, магистранттар мен докторанттардың даярлық деңгейі, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық қызметтің жүйелілігі жоғары бағаланды.

Сонымен қатар, ондаған жылдар бойы күткен мақсатымызға қол жеткіздік:
«Арт-менеджмент» бағыты бойынша магистратура ресми түрде аккредиттелді! 
Бұл – консерваториямыз бен елдегі көркем білім беру жүйесі үшін тарихи қадам. 
Биылдан бастап «Арт-менеджмент» бағдарламасына мемлекеттік гранттар бөлінеді! Талапкерлерді оқуға шақырамыз!

Оқытушыларымызды, қызметкерлер мен студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл нәтиже — ортақ жетістік әрі мақтанышқа лайық оқиға!

   
Альбомдарға оралу