Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Profi Color» компаниясына жаңа оқу жылына дайындыққа белсенді араласып, демеушілік жасағаны үшін алғысын білдіреді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Profi Color» компаниясына жаңа оқу жылына дайындыққа белсенді араласып, демеушілік жасағаны үшін алғысын білдіреді.

Лак-бояу өнімдерін өндіретін қазақстан-герман кәсіпорны консерватория жатақханасын жаңарту мен абаттандыру ісіне елеулі үлес қосты. «Profi Color» компаниясының қолдауы сондай-ақ мемлекеттік «Жасыл ел» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыруға  атсалысты деуге болады.

Білім беру саласына көрсеткен қамқорлығы мен инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастамаларды қолдағаны үшін серіктестерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Жастардың болашағы үшін ортақ жауапкершілік пен өзара сенім негізіндегі әріптестігіміз алдағы уақытта да жалғасатынына сенімдіміз.

Альбомдарға оралу