Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Жасыл ел» жастар экологиялық қозғалысының Алматы қаласы бойынша штабымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
19 мамыр 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Жасыл ел» жастар экологиялық қозғалысының Алматы қаласы бойынша штабымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастыққа қол қою рәсіміне Штаб төрағасы Әділ Нұрпейісов қатысты.
«Жасыл ел» — жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, еліміздің өңірлерінде ағаш отырғызуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған қозғалыс. Патриоттық тәрбие, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және жастарды қоғамдық маңызы бар жобаларға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова өз сөзінде ынтымақтастық аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаппай сенбіліктер, көгалдандыру және ағартушылық акцияларын қамтитын «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдау көзделетінін атап өтті.
Консерватория экологиялық бастамаларға қуана қатысады және еліміздің жасыл болашағын қалыптастыруға өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізеді.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025