Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жатақханасында жоспарлы дезинфекция жұмыстары жүзеге асырылды


2025 жылғы 13 қаңтар күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында (Абай даңғылы, 56) студенттердің қысқы демалыс уақытында жоспарлы дезинфекциялау жұмыстары жүзеге асырылды.

Аталған іс-шара, студенттердің денсаулығын қорғау және жайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Кәсіби мамандар барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс атқарып, жатақхана ғимараттының барлық бөлмелері мен ас бөлмесі, душ кабиналары, кір жуу бөлмесі сынды ортақ пайдалану орындарын толықтай қамтыды.

Консерватория әкімшілігі студенттерге қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салып, олардың денсаулығы мен әл-ауқатын басты назарда ұстайтынын жеткізді. Дезинфекциядан кейін жатақхана қызметі әдеттегідей жалғасуда. Бұл шара болашақ өнерпаздарымыз үшін таза әрі қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

 

Альбомдарға оралу