Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында харассмент мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
19 қыркүйек 2024
2024 жылғы 19 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында харассмент мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға студенттер, консерватория психологы Дария Шабденова, сондай-ақ студенттер және түлектермен жұмыс жүргізу бөлімінің мамандары қатысты. Мақсаты - жастарға харассментке қатысты заңнамалық және құқықтық біліммен таныстырып, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында харассмент ұғымы мен түрлері жайлы айтып, оның салдары құрбан болған адамның жеке басы үшін ғана емес, сонымен қатар оқу орны үшін де өте ауыр болуы мүмкін екендігін мамандар жеткізді. Психолог харссментке төзбеу, оның алдын алу бойынша кеңестер беріп, бұндай жағдайды басынан кешірген жанға қандай қолдау көрсету керектігін айтты. Білім алушылар тақырып бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ойларын да ортаға салды. Оларға храссмент фактілері орын алған кезде заң жүзінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы ақпарат кеңінен берілді.
Қабылдау 2024