Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық марапаттарын табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық марапаттарын табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының атынан марапаттар табыстады. Оқытушыларға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет» грамоталары және алғыс хаттар берілді. Ректор құттықтау сөзінде мамандыққа деген адалдық, музыкалық білім беру ісін дамытуға және еліміздің мәдени құндылықтарын сақтауға қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ ректор Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік наградаға ие болған келесі оқытушыларды құттықтады:
– «Халық әні» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Айгүл Қосанова — «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен;
– «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Ермек Құрманаев — «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен;
– «Домбыра» кафедрасының оқытушысы Абылай Тілепбергенов — «Құрмет» орденімен марапатталды.

Бұл наградалар бүкіл консерватория ұжымы үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш! Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және шабытты еңбектері үшін алғыс білдіреміз!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Альбомдарға оралу