Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында нашақорлықтың алын алуға бағытталған тренинг-семинар өтті


2024 жылғы 18 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алуға бағытталған тренинг-семинар өтті. 

Іс-шара жастар арасында денсаулыққа және өмірге саналы көзқарасты қалыптастыру мақсатында есірткіге тәуелділіктің алдын алу науқан аясында ұйымдастырылды.

Семинарды психолог Дәрия Шабденова студенттермен және түлектермен жұмыс жүргізу бөлімінің қолдауымен өткізді. Тренинг барысында қатысушыларға сананы арттыруға және салауатты әдеттерді дамытуға бағытталған психологиялық тестер мен ойын тапсырмалары ұсынылды.

Кездесу барысында тренингтің негізгі құралына айналған интерактивті ойындарға басымдық берілді. «Таңдау жағдайлары», «Командалық шақыру», «Денсаулық – басымдық», «Позитивті таңдау» сияқты ойындар студенттерге нақты өмірлік жағдайлармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, сыни көзқарасты, коммуникация және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға жәрдемдесті. Әр тапсырма эмоционалдық тұрақтылықты дамыту ғана емес, сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсінуге және күрделі жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдауға үйретті.

Тренинг саналы және салауатты өмір салтын белсенді түрде насихаттауға дайын азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам. Кездесу соңында студенттер тренингтің тәжірибелік маңыздылығы мен терең психологиялық жүктемесін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

   

Альбомдарға оралу