Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Студенттер Ассамблеясын құруға қадамдар» атты студенттермен кездесу өтті
4 қараша 2024

2024 жылғы 4 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында студенттер мен әкімшілік және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің маңызды кездесуі өтті.
Кездесуге тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Наурыз Талғатұлы Құлданов, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ҚХА-ның аналар кеңесінің мүшесі әрі заң саласының жетекшісі, Азербайжан әйелдері кеңесінің төрағасы Джейран Якубовна Мамедова және Алматы қаласы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық ұйымының өкілі Асхат Медина қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Студенттер Ассамблеясын қалыптастыру. Қатысушылар ассамблеяны құру қажеттілігі туралы ұсынысты бірауыздан қолдап, аталмыш ұйымның жастардың жобалары мен бастамаларын жүзеге асыру үшін маңызды алаң болатынын атап өтті. Ассамблея студенттердің белсенділігін арттыруға және академиялық қоғамдастық ішінде өзара әрекеттесуді күшейтуге бағытталатын болады.
Кездесу соңында келесі жиынды Студенттер ассамблеясын ашу тақырыбына арнауды жоспарлады. Студенттер Ассамблеясын құру студенттерге өзін-өзі жүзеге асыруға және консерватория өміріне белсене араласуға жаңа мүмкіндіктер ашып, студенттік қауымдастығын нығайтып, жастардың даму ұмтылыстарын қолдайтын болады.

Қабылдау 2024