Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өз жұмысын бастады
Бүгін, наурыздың 28-і күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Фортепиано» аталымы бойынша өз жұмысын бастады. Әрі қарай, әрбір аталымның сайысы кесте бойынша белгіленген күндері өтетін болады. Кестені мына жерден көріңіз: http://www.conservatoire.edu.kz/kz/creativity/studenttik-p-ndik-olimpiada/olimpiada-2022/
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Гуманитарлық ғылым және Өнер» бағытында 11 білім беру бағдарламасы (15 аталым) бойынша 2022 жылы ҚР БжҒМ XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын офлайн форматта наурыз айының 28-і мен 5-ші мамыр күндері аралығында өткізетінін хабарлаған еді. Өнер сайысы мынадай білім беру бағдарламалары: Аспаптық орындаушылық, Дәстүрлі музыкалық өнер, Арт-менеджмент, Аспаптық орындаушылық, Вокалдық өнер, Аспаптық орындаушылық, Музыкалық білім беру, Дәстүрлі музыкалық өнер, Дәстүрлі музыкалық өнер, Композиция, Дирижерлеу бойынша ұйымдастырылып отыр. Осы білім бағдарламаларының ішінде мынадай бағыттар бойынша музыкалық дарынын кәсіби шеберлік шыңына көтеруді мақсат тұтқан өнерпаздар: «Фортепиано», «Домбыра», «Ішекті аспаптар», «Опералық ән айту», «Концерттік-камералық ән», «Үрмелі және соқпалы аспаптар» (Флейта, Гобой, Кларнет, Фагот, Саксофон (Альт), Саксофон (Тенор, Сопрано), Труба, Валторна, Тромбон, Бас-Тромбон, Туба, ұрмалы аспаптар), «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі», «Музыкалық ағарту», «Баян, аккордеон», «Қыл қобыз», «Халық әні», «Жыршы», «Композиция», «Хорды дирижерлеу» делініп бөлек-бөлек аталымдар бойынша қабілеттерін бәсекеге салады. Осыған орай, консерватория қабырғасындағы сайыс өтетін орындар қатарында Үлкен концерт залы, «Б» корпусындағы 215-216 сыныптар, Кіші зал және Камералық зал белгіленген.
Олимпиаданы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-сі ұйымдастырып отыр. Мұндайлық ауқымды бәсекені ұйымдастырудағы мақсат – болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, білім алушының оқу-танымдық белсенділігін ынталандыру; талантты және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау. Бәсі жоғары сайысқа Қазақстан Республикасының ЖОО-ның музыкалық факультеттері мен шығармашылық ЖОО білім алушылары қатыса алады.
Республикалық додаға қатысушы үміткерлерге және олардың өнері мен білімін бағалаушы мамандардың жұмыстарына сәттілік тілеймізІ