Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Аружан Нұржанқызы «Дильмар» ораторлық өнер байқауында 3-орынға ие болды


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 4-курс студенті Аружан Нұржанқызы (домбра мамандығы) 2024 жылғы 22 қазан күні SDU университетінде өткен III Республикалық «Дильмар» ораторлық өнер байқауында 3-орынға ие болды.

Аружанды осы беделді байқауға студенттермен және түлектермен жұмыс жасау бөлімімен бірлесіп, сайысқа дайындағаны үшін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы К.К. Маджанова- ға ерекше алғысымызды білдіреміз. 

«Атамұра» баспа корпорациясының президенті Рақымғали Абрарұлының қолдауының арқасында «Дильмар» ораторлық өнерді дамыту республикалық клубы ұйымдастырған байқау ораторлық шеберлікті дамыту және Қазақстанның ұлттық рухани құндылықтарын насихаттау бағытында өтті.

Аружанды және оның ұстазын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

   
Альбомдарға оралу