Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары мен студенттері Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау» операсын сахналандыруға қатысты
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары мен студенттері Гаэтано Доницеттидің «Қоңырау» операсын сахналандыруға қатысты
2025 жылғы 4 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында Гаэтано Доницеттидің комедиялық «Қоңырау» (Il Campanello) операсының премьерасы аншлагпен өтті. Қойылымға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Спектакль режиссері — операны сахналау үшін арнайы шақырылтылған «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Диана Акимбаева.
Басты партия — Энриконы — «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті Данияр Айткужинов (доцент Танагүл Бекназарованың сыныбы) тамаша сомдап шықты. Қойылым тобына сондай-ақ «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, хореограф Каршыға Дандагариев режиссердің көмекшісі ретінде қосылып, спектакльде сахналық қозғалыс пен пластикаға маңызды үлес қосты. Алматы қаласында өткен солистерді дайындауда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының концертмейстері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлнар Жидилова еңбегін атап өткен жөн.
Бұл қойылым тек Шығыс Қазақстан көрермендері үшін ғана маңызды мәдени оқиға емес, сонымен қатар аймақтық театрлардың еліміздің жетекші музыкалық жоғары оқу орнымен тиімді шығармашылық қарым-қатынасының жарқын мысалы болып табылады.
Біз кәсіби сахнада консерваториямыздың абыройын асқақтатып жүрген, сондай-ақ еліміздегі музыкалық театрдың дамуына елеулі үлес қосып жүрген оқытушыларымыз бен студенттеріміздің жетістіктерімен әрқашан мақтанамыз.