Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова Гүлжамилә Қадырбекованы мерейтойымен құттықтады


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  ректоры Гаухар Тасбергенова "Арнайы фортепиано" кафедрасының профессоры, Қазақстанның халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің кавалері Гүлжамилә  Қадырбекованы мерейтойымен құттықтады.

Ректор құттықтау сөзінде Гүлжамилә Ихсановнаның көрнекті музыкант әрі ұстаз ретіндегі маңыздылығын атап, Қазақстанның фортепиано өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді. Гүлжамиля Қадырбекованың шеберлігі Ресей мен Қазақстандағы пианистік мектептерінің үздік дәстүрлерін  ұштастыра алғаны үшін ұлттық мәдениетіміздің ерекше құбылысына айналды десек болады.

Гаухар Тасбергенова мерейтой иесіне музыка өнеріне деген шексіз адалдығы мен оның шәкірттерімен өз тәжірибесімен бөліскенде кеңпейілділігін танытатынын тілге тиек етіп, алғыс айтты. Бүгінде Гүлжамилә Ихсановнаның көптеген шәкірттері халықаралық конкурстардың лауреаттары атанып, әлемдік сахналарда табысты өнер көрсетуде. Құттықтау соңында ректор профессорға жаңа шығармашылық жеңістер, дарынды шәкірт пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Альбомдарға оралу