Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үрмелі оркестрі мен саксофоншылар ансамблін халықаралық сахнада алған марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үрмелі оркестрі мен саксофоншылар ансамблін халықаралық сахнада алған марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Студенттік үрмелі оркестр (жетекшісі — үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті М. Бисенғалиев) және саксофоншылар ансамблі (жетекшісі — осы кафедраның профессоры И. Шубин)  маусым айныі 18 мен20  аралығында Өзбекстанның Ташкент мемлекеттік консерваториясында өткен II Халықаралық «Damli sozlar navosi» — «Үрмелі аспаптардың үндестігі» фестиваль-байқауында II дәрежелі лауреат атанды.

Фестиваль-байқау аясында «Үрмелі және ұрмалы аспаптарда заманауи орындаушылық контексіндегі инновациялар мен дәстүрлерді сақтау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда 2-курс докторанты, аға оқытушы А. Иманбаев баяндама жасады. Іс-шараға түрлі елдерден келген орындаушылар, өнертанушылар мен мамандар қатысып, үрмелі музыка өнерінің тарихы, теориясы және орындаушылық мәселелерін талқылады.
Фестиваль Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен келген 26 ұжымның басын қосып, шығармашылық алмасу, кәсіби өсу және халықаралық байланыстарды нығайту үшін маңызды алаңға айналды.

Оқу орнымыздың намысын қорғаған қатысушыларымызбен мақтанамыз және студенттердің жоғары деңгейдегі дайындығы мен белсенді ғылыми жұмысы үшін оқытушыларға алғыс айтамыз!

 

 

Альбомдарға оралу