Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының шетелдік студенттерімен кездесу
24 қыркүйек 2024
2024 жылғы 24 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында шетелдік студенттермен кездесу өтті.
Іс-шараны тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Наурыз Талғатұлы Құлданов жүргізіп, студенттерге жылы лебізін білдірді. Сонымен бірге шетел студенттерінің интеграциялануы шеңберінде консерваторияның академиялық және мәдени өміріне етене араласудың маңыздылығын атап өтті.
Студенттермен әңгіме барысында Қазақстанға бейімделуге қатысты негізгі мәселелер, оның ішінде елге келген кезде көші-қон полициясында тіркеу рәсімдері талқыланды. Оларға консерваторияның әлеуметтік өміріне енуге көмектесетін студенттік өзін-өзі басқару және Жастар ісі комитетінің қызметіне белсенді араласу мүмкіндіктері туралы бағыт-бағдар берілді.
Студенттермен және түлектермен жұмыс жүргізу бөлімінің жетекшісі Ж. Ыскаков өз кезегінде білім алушыларға консерваториядағы тәртіп ережелері мен ішкі нормалар туралы ақпарат беріп, жатақханадағы тұрмыстық тәртіп ережелерін сақтау, белгіленген талаптардың сақталуының маңызды екендігін атап өтті.
Кездесуде соңғы курс студеттеріне ерекше назар аударылып, оларға оқуын аяқтап, елден шығу үшін қажетті құжаттық рәсімдер туралы мәлеметтер берілді. Қатысушылар әкімшілік тарапынан өздерін қызықтырған сауалдарға нақты жауаптар алды.
Қабылдау 2024