Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының шетелдік студенттеріне арналған Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейіне экскурсия өткізілді

2025 жылғы 13 ақпан күні Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары қызметі мен жастар саясаты бөлімінің бастамасымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының шетелдік студенттеріне арналған Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейіне экскурсия өткізілді. 

Экскурсия барысында студенттер Қазақстанның бай мәдени және тарихи мұрасын көріп, еліміздің дамуына ықпал еткен дәстүр-салтымызбен және маңызды оқиғалар туралы ақпаратпен танысты. Қазақ музыкасының тарихы мен мәдениет қайраткерлеріне қатысты экспозицияларға және халық аспаптарына жастар ерекше қызығатынын көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында шетелдік студенттер Қазақстанда оқу, өмір сүру барысында туындайтын әлеуметтік тұрмыстық мәселелерге қатысты сөз қозғады. Әңгімелесу кезінде студенттер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында шетелдік студенттердің Студенттер клубын құру туралы ұсыныс жасады.

Клубтың басты мақсаты - басқа елдерден жаңадан келген студенттерге қол ұшын беріп, олардың бейімделуіне қолдау көрсету, Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ түрлі ұлт студенттері арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру.

Студенттер клубтың қызметіне белсене араласып, өз тәжірибелерімен бөлісуге және оқуға келген әрбір студентке жаңа ортаға тез бейімделіп кетуіне жағдай жасауға дайын екенін жеткізді.

WhatsApp Image 2025-02-14 at 12.50.51.jpeg WhatsApp Image 2025-02-14 at 14.25.31 (2).jpeg


Альбомдарға оралу