Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері алғаш рет мемлекет басшылары қатысқан халықаралық саммитте өнер көрсетті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері алғаш рет мемлекет басшылары қатысқан халықаралық саммитте өнер көрсетті.

Бүгін Астанада аймақ елдерінің көшбасшылары мен Қытай Төрағасы қатысқан «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтуде. Үкіметтік деңгейдегі іс-шарада қатысушыларға халық музыкасы факультетінің студенттері дайындаған музыкалық бағдарлама ұсынылды.

Бағдарламада саммитке қатысушы елдердің музыкалық дәстүрлерін дәріптейтін туындылар қамтылды. Мұндай көркемдік үйлесім мәдениет қарым-қатынас, өзара құрмет пен сенімнің кеңістігі болғанын және солай болып қала беретінін тағы бір дәлелдеді.

Консерватория үшін бұл – айрықша оқиға. Мұндай ауқымды іс-шараға қатысудың өзі жас музыканттар мен олардың ұстаздарының кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Студенттердің өнері көрермендер тарапынан жоғары бағаланып, саммит бағдарламасындағы есте қаларлық жарқын мәдени сәттердің біріне айналды.

Еліміздің өнерін осындай маңызды халықаралық алаңда насихаттау – зор мәртебе. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және білдірілген сенім үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға алғысымыз шексіз.

 
 
Альбомдарға оралу